IM2021
37
режимін белсендірген жағдайда, 4-тармақты қараңыз), май толтырылған
радиатор қыздыруды бастайды.
6. Радиаторды қыздырудың бастапқы минуттарында жеңіл күйік иісі сезілуі
мүмкін. Оның себебі аспаптағы шаң болуы мүмкін: бұл жылдам өтеді.
Қалауыңызға қарай, сіз осы нұсқаулықта сипатталған қағидаларды және «Сақтық
шараларын» сақтай отырып, аспаптың алдын ала профилактикалық тазалауын
өткізе аласыз.
7. Бөлмедегі температура қалаулы деңгейге жеткен кезде, термостаттың
тұтқасын сағат тіліне қарсы баяу бұрыңыз (MIN бағытында). Сіз термостаттың
сөнгенінің шертпесін естисіз, басқару панеліндегі шам сөнеді. Енді бөлмедегі
температура сіз таңдаған деңгейде сақталып тұрады.
8. Егер сіз бөлмедегі температураны азайтқыңыз келсе, онда термостаттың
тұтқасын сағат тіліне қарсы бұраңыз. Сонымен қатар сіз аспаптың қуаттылығын
анағұрлым төменге ауыстыра аласыз («I» немесе «II»).
9. Егер сіз бөлмедегі температураны ұлғайтқыңыз келсе, онда термостаттың
тұтқасын сағат тілі бойымен бұраңыз (максималды ықтималды күйі «MAX»).
Сонымен бірге сіз аспаптың қуаттылығын неғұрлым жоғарыға ауыстыра аласыз
(«II» немесе «III»).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Аспаптың қалыпты жұмысы үшін электр желісіндегі кернеу деңгейі аспапта
көрсетілген техникалық параметрлерге қатаң сәйкестілікте жеткілікті болуы тиіс.
Техникалық жапсырмамен, сондай-ақ аспаптың үстіңгі бетінде орналасқан
арнайы ескертулері бар барлық жапсырмалармен мұқият танысып шығыңыз.
9.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
1. Жылыту бөлімдерінің бетінен шаңды кетіру үшін құрылғыны үнемі тазалап
отыру керек екенін ұмытпаңыз. Құрылғының бетіндегі шаң мен ластану
құрылғының тиімділігіне теріс әсер етеді, жанған шаңның иісі кейбір жағдайларда
бас ауруы мен жүрек айнуын, сондай-ақ денсаулығыңызға басқа да жағымсыз
әсерлерді тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, лас құрылғы 100% тиімді жұмыс істей
алмайды, бөлмені жылытудың температуралық параметрлері бұзылуы мүмкін.
2. Құрылғыны тазалау бойынша алдын-алу жұмыстарын жүргізбес бұрын,
құрылғыны өшіріңіз, оны электр желісінен ажыратыңыз "Сақтық шараларын"
қараңыз) және құрылғыны суытып алыңыз.
3.
Құрылғының бөліктерін және басқа беттерді жұмсақ, сәл дымқыл
шүберекпен/матамен сүртіңіз. Мата құрылғының бетіне түк қалдырмауы керек.
4. Жуғыш заттарды, оның ішінде абразивтік құрамдары бар құралдарды
пайдалану ұсынылмайды.
5. Тазалау кезінде құрылғының бетіне өткір заттармен зақым келтірмеңіз (қатты
губка, егеуқұм қағазы және т.б.). Боялған бетіндегі сызаттар тоттың пайда
болуына әкелуі мүмкін.
6. Барлық "Сақтық шараларын" орындау арқылы құрылғыны қайтадан қосыңыз
және қолданыңыз; сондай-ақ, құрылғының беті мүлдем құрғақ екеніне көз
жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Бөлімдер түсінің өзгеруі ақау емес, бірақ қатты ластанған ауасы бар бөлмеде
құрылғыны пайдалану нәтижесі болып табылады.
Содержание Blanco Ext Series
Страница 40: ...www timberk ru ...