![Scarlett SC-SI30K55 Скачать руководство пользователя страница 12](http://html1.mh-extra.com/html/scarlett/sc-si30k55/sc-si30k55_instruction-manual_1208024012.webp)
IM020
SC-SI30K55
12
ЖҰМЫСЫ
СУ ҚҰЯТЫН САУЫТҚА СУ ТОЛТЫРУ
Су құярдан бұрын үтіктің электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Үтікті тігінен (табанына) қойыңыз.
Су құятын тесіктің қақпағын ашыңыз.
Сауытқа абайлап сұ құйыңыз.
Асып төгілмеуі үшін суды сауыттағы «max» белгісінен асырмай құйыңыз.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Үтік құбыр суын пайдалануға шақталып жасалған. Алайда, әсіресе егер құбыр суы тым
кермек болса, тазартылған судан құйған дұрыс.
Сауытқа химиялық жолмен жұмсартылған суды құймаңыз және хош иістендіргіш үстемелерді пайдаланбаңыз.
Егер құбыр суы тым кермек болса, тек дистилденген немесе минералдардан арылған судан ғана құйыңыз.
Су құятын тесік үтікті пайдаланған кезде ашық тұрмауға тиіс.
Сауытқа қайтадан су құйған кезде үтікті әрқашан да электр желісінен ажыратыңыз.
Жұмыстың соңында әрдайым сауыттағы суды төгіп тастау керек.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Суыған үтіктен суды төккеннен кейін оны тұғырына тігінен (өкшесіне) қойып, ең үлкен
қыздыру режимінде 2 минут тоққа қосып қойыңыз да, содан кейін үтікті электр желісінен ажыратыңыз.
ТЕМПЕРАТУРА РЕЖИМДЕРІ
Жұмысты бастардан бұрын үтіктейін деп жатқан нақты бұйымда оны күтіп ұстау бойынша нұсқаулар жазылған
затбелгі бар екеніне көз жеткізіңіз, сол нұсқауларды бұлжытпай орындаңыз.
Үтіктеу режимін таңдау түймесінің көмегімен керекті режимді таңдаңыз. Режимді таңдаған кезде дисплейде
тиісті цифр мен жарық индикаторлары жанады.
Режим
(дисплейдегі
нөмір)
Жарық индикаторлары
Мата
Температура
1
Бумен тегістеместен құрғақ үтіктеу
Синтетика / нейлон 105
~
140
ºC
2
Бумен тегістеместен құрғақ үтіктеу
Синтетика / нейлон 115
~
150
ºC
3
Бумен тегістеместен құрғақ үтіктеу
Синтетика / нейлон 125
~
160
ºC
4
Бумен тегістеместен құрғақ үтіктеу
Полиэстер /
вискоза
135
~
170
ºC
5
Бумен тегістеместен құрғақ үтіктеу
Полиэстер /
вискоза
145
~
180
ºC
6
Құрғақ үтіктеу + будың төмен
деңгейі
Полиэстер /
вискоза
150
~
185
ºC
7
Құрғақ үтіктеу + будың төмен
деңгейі
Жүн мата / жібек
160
~
190
ºC
8
Құрғақ үтіктеу + будың төмен
деңгейі
Жүн мата / жібек
170
~
200
ºC
9
Құрғақ үтіктеу + будың жоғары
деңгейі
Мақта мата / зығыр 180
~
210
ºC
10
Құрғақ үтіктеу + будың жоғары
деңгейі
Мақта мата / зығыр 190
~
220
ºC
1-5-
режимдерінде жұмыс істеген кезде, бумен тегістеу дәрежесін реттеу тетігін ең төменгі қалыпқа қою
ұсынылады. 6-8-режимдерде бумен тегістеу дәрежесін реттеу тетігін ортаңғы қалыпқа, ал 9-10-режимдерде ең
жоғары қалыпқа орнату ұсынылады.
СУ ШАШЫРАТУ
Сауытта су жеткілікті мөлшерде болса, су шашыратуды кез келген жұмыс режимінде қолдануға болады.
Бұл үшін су шашырату түймесін бірнеше рет басыңыз.
БУЛАУ
Үтікті электр желісінен ажыратыңыз да, сауытқа су құйыңыз.
Үтікті үтіктеу тақтасына тігінен қойыңыз да, электр желісіне жалғаңыз.
Булау дәрежесін реттегіш тетікті керекті қалыпқа орнатыңыз.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Күйіп қалмас үшін үтіктің табанындағы тесіктерден шығатын будың шарпуына жол бермеңіз.
БУ СОҚҚЫСЫ
Бұл функция матаның қатты мыжылған жерлерін тегістеген кезде буды қосымша бір дүркін беру үшін
қолданылады.
Бу соққысы түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бу тесіктерінен судың ағуына жол бермеу үшін бу соққысы түймесін 5 секундтан артық басулы күйде
ұстап тұруға болмайды.