IM023
SC-BS33ED104
12
10 жасқа толмаған балалардың майлы тіндерінің пайыздық құрамын және басқа параметрлерін айқындаған
кезде дәйексіз, дұрыс емес нәтижелер алынуы мүмкін.
Диагностикалық таразыны кез келген жастағы балалардың денесіндегі судың, майлы тіндердің және
бұлшық ет массасының параметрлерін айқындамастан, әдеттегідей өлшену үшін пайдалануға болады. Ең
кіші өлшену параметрлері – 2 кг.
Судың, майлы тіндердің және бұлшық ет массасының параметрлерін айқындаудағы дұрыс емес нәтижелер
кәсіпқой спортшыларда, ісінуге бейім адамдарда, дене тұрқына қатысты аяғының мөлшерлері қалыптан тыс
адамдарда болуы мүмкін.
Құрылғыны өз бетіңізбен жөндеуге әрекет жасамаңыз. Істен сатушыға хабарласыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX
пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» –
жасап шығарылған жылы.
ҚОРЕК ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ
Қорек элементтерінің құрамында ағзаның ішіне түскен кезде зиян келтіретін элементтер бар. Кішкентай
балалардың қорек элементтеріне жете алмауын қадағалаңыз. Егер әлдекім қорек элементін жұтып қойса,
дереу дәрігерге көріну керек.
Қорек элементтерін жүйелі түрде ауыстырып отырыңыз. Қорек элементтерінің барлығын бір мезгілде
ауыстырыңыз. Бұл орайда бір тұрпатты элементтерді пайдаланыңыз.
Қорек элементерін қайтадан зарядтауға немесе түрлі құралдардың көмегімен қайта белсендіруге
болмайды, оларды бөлшектемеңіз, отқа тастамаңыз және қысқа тұйықтамаңыз.
Қуаты таусылған элементтер аспаптың бұзылуына себеп болуы мүмкін. Аспапты пайдалануда ұзақ уақыт
үзіліс болған кезде, қорек элементтерін батарея ұяшығынан шығарып қойыңыз.
Егер қорек элементтерінің біреуінің қуаты таусылған болса, қорғағыш биялай киіңіз де, батарея ұяшығын
құрғақ сулықпен тазалаңыз.
Қорек элементтерінің құрамында денсаулыққа және қоршаған ортаға зиянды уытты заттектер болуы мүмкін.
Осыған байланысты қорек элементтерінен қолданыстағы заңнамалық нормаларға қатаң сәйкес түрде
арылу керек. Пайдаланып біткен элементтерді ешқандай жағдайда да лақтырып тастауға болмайды.
Қорек элементтерін отқа тастамаңыз. Жарылыс қатері бар!
ЖҰМЫСЫ
Осы таразы биоэлектрлік қарсыласуды (B.I.A.) талдау қағидасы бойынша жұмыс істейді. Бұл орайда түрлі
тіндердің пайыздық құрамын айқындау адам сезбейтін, қауіпсіз әрі зиян келтірмейтін, таразының
платформасындағы аса сезгіш датчиктер арқылы өтетін электр тоғының көмегімен небары бірнеше
секундта іске асады.
Өлшену кезінде мынаны ескерудің маңызы зор: майлы тіннің пайыздық құрамын тек жалаңаяқ тұрып өлшеу
керек, табанды сәл сулаған дұрыс. Табан мүлде құрғақ болса, бұл дұрыс емес нәтиженің алынуына себеп
болуы мүмкін, өйткені табанның электрлік өткізгіштігі тым төмен.
Егер майдың, бұлшық ет тінінің, сүйек массасының және судың пайыздық арақатынасын өлшеген кезде,
барлық құрамдастардың сомасы 100%-дан артық болып шықса, бұл таразының ақаулығы емес. Бұл
құбылысты физиологиялық тұрғыдан түсіндіруге болады. Диагностикалық таразының жұмысы
биоимпеданстық талдауға негізделген, ол бұлшық ет пен сүйек тіндерінің өздерінің де құрамында болатын
май мен судың мөлшерін анықтайды. Сондықтан, алынған нәтижелерді қоспастан, түрлі көрсеткіштердің
өзгеру динамикасын әр көрсеткіш бойынша бөлек қарастырған дұрыс.
Бұл таразы Bluetooth құрылғысымен жұмыс істейді, IOSи Android платформаларындағы телефондармен
сыйысымды. Өлшенген парамерлерді қадағалау мен сақтауға ыңғайлы болуы үшін арнайы «OKOK-
International» қолданбасы пайдаланылады.
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
Таразының жайпақ тегіс жазық жерде тұрғанына көз жеткізіңіз. Таразыны кілемнің немесе жұмсақ заттардың
үстіне қоймаңыз.
Салмақты дәл айқындау үшін таразының үнемі бір жерде тұрғаны дұрыс. Таразының орнын ауыстырған
кезде оны тегіс емес жерге қоюыңыз ықтимал, ал бұл салмақтың дәл көрсетілуіне әсер етуі мүмкін.
Салмақты дәл айқындау үшін үнемі бір уақытта, киіміңіз бен аяқ киіміңізді шешіп, тамақтанардан бұрын
өлшену керек.
Салмақты барынша дәл айқындау үшін ұйқыдан тұрғаннан кейін 2 сағат өтпей тұрып салмақты өлшемеген
жөн.
Таразының үстіне шығыңыз. Ештеңеге сүйенбей, тік тұрыңыз.
ШЕКТЕУЛЕР
Май массасын және басқа мәндерді айқындаған кезде, төмендегі жағдайларда өлшеу нәтижелері дәл емес
немесе өтірік болуы мүмкін:
10 жасқа толмаған балалар үшін,
кәсіпқой спортшылар және бодибилдингпен айналысатындар үшін,