355
Қазақ тілі
Батареяның және зарядтағыштың ең жоғарғы
жарамдылығына көз жеткізіңіз
• Батареялар ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған кезде
дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
• Кейде пайдаланылмаған құрылғы заряды таусылса, оны
пайдалану алдында зарядтау керек.
• Зарядтағыш қолданылмаған кезде, оны қуат көздерінен
ажыратыңыз.
• Батареяны тек арнайы мақсаттарында пайдаланыңыз.
• Құрылғының және батареяның ең ұзақ қызмет көрсету
мерзімін қамтамасыз ету үшін осы нұсқаулықтағы бүкіл
нұсқауларды орындаңыз. Ескертулер мен нұсқауларды
орындамау тудырған зақымдар немесе нашар өнімділік
өндіруші кепілдігінің күшін жоюы мүмкін.
• Құрылғы уақыт өте келе тозады. Кейбір бөлшектер
және жөндеу жарамдылық кезеңінде кепілдікпен
қамтылады, бірақ бекітілмеген қосалқы құралдарды
пайдалану тудырған зақымдар немесе нашарлау
қамтылмайды.
Құрылғыңызды бөлшектемеңіз, түрін өзгертпеңіз
немесе жөндемеңіз
• Құрылғыңызға енгізілген өзгертулер не түрлендірулер
өндірушінің кепілдігін жарамсыз етеді. Құрылғыға
қызмет көрсету қажет болса, құрылғыны Samsung
қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.
• Жарылуға не өрттің шығуына себеп болатындықтан,
батареяны бөлшектемеңіз немесе теспеңіз.
• Батареяны алмай тұрып құрылғыны өшіріңіз. Құрылғы
қосулы кезде батареяны алсаңыз, бұл құрылғының
дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.