
Пайдалану бойынша ескертпелер
18
Нұсқаулық белгішелер
Ескерту
: өзіңіздің немесе басқалардың жарақат алуына әкелуі мүмкін жағдайлар
Абайлаңыз
: өнімді немесе басқа жабдықты зақымдауы мүмкін жағдайлар
Хабарлама
: ескертулер, пайдалану туралы кеңестер немесе қосымша ақпарат
Орама құрамы мен аксессуарлар бойынша
ескертпелер
Қораптың ішіндегі заттар туралы мәлімет алу үшін жылдам бастау нұсқаулығын қараңыз.
•
Өнім
•
Шығаруға арналған түйреуіш
•
Жылдам бастау нұсқаулығы
•
Өніммен бірге берілген элементтер және кез келген қолжетімді аксессуарлар аймаққа немесе
тасымалдаушыға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
•
Берілген элементтер тек осы өнімге арналған және басқа құрылғылармен үйлесімді болмауы
мүмкін.
•
Сыртқы түрі мен сипаттамалары ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
•
Қосымша қосалқы құралдарды жергілікті Samsung сатушысынан сатып алуға болады. Сатып алу
алдында олардың өніммен үйлесімді екенін тексеріңіз.
•
Samsung мақұлдаған аксессуарларды пайдаланыңыз. Бекітілмеген қосалқы құралдарды
пайдалану кепілдікте қамтылмаған өнімділік мәселелерін және ақаулықтарды тудыруы мүмкін.
Қазақ тілі
18