![Samsung EO-SG710 Скачать руководство пользователя страница 644](http://html.mh-extra.com/html/samsung/eo-sg710/eo-sg710_user-manual_355465644.webp)
Bluetooth динамигін пайдалану
10
•
Bluetooth кейбір өндірістік, ғылыми, медициналық және төмен қуатты өнімдермен
бірдей жиілікті пайдаланады және осы өнімдер түрлерінің жанында қосылымдар
орнатқанда кедергілер орын алуы мүмкін.
•
Кейбір құрылғылар, әсіресе Bluetooth SIG сынақтан өткізбеген немесе бекітпеген
құрылғылар Bluetooth динамигімен үйлесімді болмауы мүмкін.
•
Bluetooth мүмкіндігін заңсыз мақсаттарда пайдаланбаңыз (мысалы, файлдардың
пираттық көшірмелерін жасау немесе коммерциялық мақсаттарда хабарларды заңсыз
түрде алу).
Bluetooth арқылы жалғау
Bluetooth динамигін мобильді құрылғымен жұптау. Құрылғылар жұпталғаннан кейін,
Bluetooth динамигі әрбір рет қосылған кезде, Bluetooth динамигі мобильді құрылғыға
автоматты түрде қосылатын болады.
1
Bluetooth динамигі
Bluetooth жұптастыру режиміне кіру үшін Bluetooth жұптастыру
түймесін шамамен үш секунд бойы басып тұрыңыз.
Индикатор шамы қызыл және көк түспен жыпылықтайды.
Бірінші рет іске қосқан кезде Bluetooth динамигі Bluetooth жұптастыру режиміне
енеді.
2
Мобильді құрылғы
Bluetooth мүмкіндігін белсендіріңіз және Bluetooth құрылғыларын
іздеңіз.
Қосымша ақпаратты екінші құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
3
Мобильді құрылғы
Қолжетімді құрылғылар тізімінің ішінен
[Speaker] Bottle Design
(0000)
таңдаңыз.
•
Bluetooth динамигінің PIN коды, басқа құрылғының Bluetooth параметрлері
экранында көрсетілген жақша ішіндегі төрт цифрдан тұратын сан болып табылады.
Сан Bluetooth динамигіне байланысты ерекшеленеді.
•
Bluetooth қосылымы сәтсіз аяқталса немесе екінші құрылғы Bluetooth динамигін
анықтай алмаса, екінші құрылғының тізімінен құрылғының ақпаратын жойыңыз.
Содан кейін қосылу әрекетін қайталаңыз.
•
Bluetooth қосылым ауқымы мен дыбыс сапасы, қосылған құрылғыларға
байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Қазақ тілі
10
Содержание EO-SG710
Страница 1: ...www samsung com User Manual 12 2016 Rev 1 4 Wireless Speaker Bottle Design EO SG710 ...
Страница 698: ...入门指南 3 设备部位图 灯 电源 播放键 指示灯 蓝牙配对按键 音频线插口 充电器插口 无线充电板 扬声器 手柄 音量 键 音量 键 灯光亮度调节按键 灯光亮度调节按键 简体中文 3 ...
Страница 721: ...開始使用 3 裝置部位圖 燈光 電源 播放鍵 指示燈 藍牙配對按鈕 音訊纜線插孔 充電埠 無線充電板 揚聲器 手把 音量 按鈕 音量 按鈕 燈光亮度調整按鈕 燈光亮度調整按鈕 繁體中文 台灣 3 ...