![Samsung EO-SG710 Скачать руководство пользователя страница 643](http://html.mh-extra.com/html/samsung/eo-sg710/eo-sg710_user-manual_355465643.webp)
9
Bluetooth динамигін
пайдалану
Bluetooth динамигін қосу немесе өшіру
Bluetooth динамигін қосу немесе өшіру үшін қуат/ойнату түймесін басып тұрыңыз.
Бірінші рет іске қосқан кезде Bluetooth динамигі Bluetooth жұптастыру режиміне енеді және
шам қосылады.
•
Bluetooth динамигі тұрып қалса және жауап бермей жатса, қуат/ойнату түймесін
шамамен сегіз секунд басып тұрыңыз.
•
Сымсыз құрылғыларды пайдалануға тыйым салынатын жерлерде, мысалы
ұшақтардың бортында және ауруханаларда барлық жарияланған ескертулерді
және уәкілетті қызметкерлер құрамының нұсқауларын ұстаныңыз.
Басқа құрылғыға қосылу
Bluetooth функциясын пайдалану туралы ескертулер
Bluetooth — әр түрлі қашықтықтардағы әр түрлі құрылғыларға қосылу үшін 2,4 ГГц
жиілігін пайдаланатын сымсыз технология стандарты. Ол кабельдерді жалғаусыз мобильді
құрылғылар, компьютерлер, принтерлер және басқа сандық үй құрылғылары сияқты басқа
Bluetooth қолдайтын құрылғыларға қосыла және олармен деректер алмаса алады.
•
Bluetooth динамигін басқа құрылғыға қосқанда мәселелерді болдырмау үшін
құрылғыларды бір-біріне жақын қойыңыз.
•
Bluetooth динамигі мен екінші Bluetooth құрылғысы Bluetooth қосылым ауқымының
(10 м) ішінде екеніне көз жеткізіңіз. Қашықтық, құрылғылар пайдаланылатын қоршаған
ортаға байланысты өзгере алады.
•
Bluetooth динамигі мен қосылған құрылғы арасында кедергілер, соның ішінде, адам
денелері, қабырғалар, бұрыштар немесе қоршамдар жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
•
Жалғанған құрылғының Bluetooth антеннасына тимеңіз.
Қазақ тілі
9
Содержание EO-SG710
Страница 1: ...www samsung com User Manual 12 2016 Rev 1 4 Wireless Speaker Bottle Design EO SG710 ...
Страница 698: ...入门指南 3 设备部位图 灯 电源 播放键 指示灯 蓝牙配对按键 音频线插口 充电器插口 无线充电板 扬声器 手柄 音量 键 音量 键 灯光亮度调节按键 灯光亮度调节按键 简体中文 3 ...
Страница 721: ...開始使用 3 裝置部位圖 燈光 電源 播放鍵 指示燈 藍牙配對按鈕 音訊纜線插孔 充電埠 無線充電板 揚聲器 手把 音量 按鈕 音量 按鈕 燈光亮度調整按鈕 燈光亮度調整按鈕 繁體中文 台灣 3 ...