35
b. Қайырмалы іскенже: ілмекті көтеріңіз және іскенжені ашу
үшін қайырмалы жақтауды жан-жаққа шайқаңыз. Құбырды
төменгі еріншеге орналастырыңыз. Ілмектің іскенже
негізімен ілініскеніне көз жеткізіп, қайырмалы жақтауды
жабыңыз. Құбырды ұстайтын беру бұрандасын бұрып,
еріншелерді жабыңыз.
Іскенжені қатайту үшін тұтқа ұзартқыштарын (“Бастырмалар”)
қолданбаңыз. Тұтқаларды балғамен ұрмаңыз. Бұл іскенже
жүгін арттырып, іскенже не жұмыс бөлшегінің зақымдалуына
әкелуі мүмкін.
8. Құбыр мен іскенженің орындалатын жұмыс үшін орнықты
екеніне көз жеткізіңіз.
Іскенжені пайдаланған кезде қолыңызды созбаңыз және кез
келген уақытта тиісті аяққа тұру қалпын және тепе-теңдікті
сақтаңыз. Бұл күтпеген жағдайлардағы басқаруды жақсарту
мүмкіндігін береді.
Жұмыс бөлшегіне артық не ұзақ мерзімді қызуды қолданбаңыз
– бұл іскенжені шамадан көп қыздыруы және іскенже
материалының сипаттарын өзгертуі мүмкін.
9. Құбырды бүгу:
Бүгу үшін құбырды көрсетілгендей орналастырыңыз. Тайып
кетіп, құбыр зақымының алдын алу үшін, құбыр шетінің тіреуіш
нүктелерден жетерліктей қашық екеніне көз жеткізіңіз. Құбырды
бүгу үшін құбырға біртіндеп күш салыңыз.
A) Шеберүстел шынжырлы іскенжесі
B) Шеберүстел қайырмалы іскенжесі
3-сурет – Құбырды бүгу
Ширатылу ықтималдығын азайту үшін, қажетті бүгу түзілгенше
құбырды бүгілетін орағыштар ішіне не тыс ақырындап
жылжытып, құбырды бір уақытта шамамен 10 градусқа бүгіңіз.
Pipe Vise User Guide
b. Топсалы бұранды қайырмалы жақтау мен негіз жиынтығы
бойымен енгізіңіз. Тығырық пен сомынды топсалы бұранға
кигізіп қатайтыңыз. Егер қайырмалы жақтау негізде еркін
шайқалмаса, топсалы бұранның оймалы шетін балғамен түртіңіз.
НЕМЕСЕ
2-сурет – Қайырмалы іскенжені құру
3. Іскенжені орнату үшін тегіс, орнықты орынды таңдаңыз. Орын
құбырға/іскенжеге бүкпей, сындырмай, жылжытпай, аудармай
не өзге ақаулықсыз қолданылған жұмыс жүктемелерін ұстап
тұруы керек. Тиісті бекітуді қамтамасыз ету үшін материал
енгізу қажет болуы мүмкін (ағаш не металл тіреуіш). Іскенжені
орнатқан кезде ешбір нәрсенің (электр сымдары, т.б.)
зақымдалмауын қадағалаңыз.
4. Құбыр іскенжелері әдетте шеберүстел жиегінің бойында
орналасады. Шынжырлы іскенжелер жиек үстінде салбырап
тұрады және іскенжені шеберүстел жиегіне қатысты реттейтін
таяныштары бар.
a. Шеберүстел іскенжелері: шеберүстелдегі тесіктерді
табу үшін үлгі ретінде іскенже негізіндегі тесіктерді
пайдаланыңыз. Іскенже мен орағыш тесіктеріне енетін
диаметрі ең үлкен бекіткішті пайдаланыңыз. Орнату үшін
тиісті маркалы бекіткіштерді пайдаланыңыз. Тығырықтар
мен қысу сомындары/тығырықтары бар өтпелі бұрандарды
пайдаланыңыз. Бұрандар бүгілетін орағыштардан өтеді.
Қосымша ақпарат бойынша іскенже бөліктерінің тізімін
қараңыз.
Іскенжені орнына дәнекерлемеңіз. Іскенже негіздері
дәнекерленуге арналмаған.
b. Тасымал қайырмалы іскенже: қысқыш бұранда жиынтығын
қатайтып, іскенжені тұғырға барынша қысыңыз
(1C-сурет)
.
c. Тасымал шынжырлы іскенже: іскенжені орнықты тік бағанға/
құбырға жақын ұстаңыз. Дөңгелек буынды шынжырды баған
айналасына ораңыз және шынжыр істікшесін негіз ойығына
іліңіз. Тұтқамен қайырмалы бұранды айналдырып, шынжырды
баған айналасында барынша қатайтыңыз
(1D-сурет)
.
Іскенженің бекітіліп орнықты екенін растаңыз.
5. Құбырды іскенжеге мұқият орналастырыңыз. Құбырды
іскенжеге тастамаңыз. Пайдалану барысында орнықтылықты
барынша жақсарту үшін, теңселетін құбыр шетін іскенжеге
барынша жақын ұстаңыз.
6. Егер құбыр іскенже негізінен тыс созылса, тиісті құбыр
тіреуіштерін пайдаланыңыз.
Ұзын құбырларды тиісті түрде тіреу үшін тағандарды
орналастырыңыз. Негізінде құбырды кем дегенде екі жерден
тіреу қажет. Тағандар саны мен орналасуы белгілі бір жағдайларға
байланысты, соның ішінде құбыр өлшемі, ұзындығы мен салмағы.
Аударылу қаупін азайту үшін, құбырдың іскенже мен тағандарда
тиісті түрде ортасы бойынша тураланғанына көз жеткізіңіз.
Белгіленген іскенже сипаттарынан асырмаңыз. Құбырдың
орнықты және бекітулі екеніне көз жеткізіңіз. Үнемі тірелген
жүктерден алыс тұрыңыз.
7. Құбырды іскенжеге бекітіңіз. Жұмыс бөлшегі төменгі ерінше
көлденеңінен толық созылуы қажет. Жұмыс бөлшегін ең шетінен
ұстамаңыз. Бұл барынша ұстауды қамтамасыз етеді және іскенже
зақымдалуының алдын алады.
a. Шынжырлы іскенже: шынжырды құбыр үстіне
орналастырыңыз және шынжыр істікшесін негіз ойығына
іліңіз. Құбырды ұстайтын тұтқаны айналдырып, шынжырды
қатайтыңыз.
Содержание Pipe Vise
Страница 35: ...35 b 8 9 A B 3 10 Pipe Vise User Guide b 2 3 4 a b 1C c 1D 5 6 7 a...
Страница 36: ...36 Pipe Vise User Guide...