61
RMC-M4502 мультипісіргіші
KAZ
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША
НҰСҚАУЛЫҚ
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойынша нұсқаулықты
мұқият оқыңыз және анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты
дұрыс пайдалансаңыз, оның қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қауіпсіздік техникасы талаптары мен
бұйымды пайдалану ережелерін
ұстанбаудан туындаған зақымдар үшін
өндіруші жауапкершілікке тартылмайды.
• Аспап тек тұрмыстық пайдалануға
арналған. Құрылғының өндірістік немесе
кез келген басқа пайдаланылуы бұйымды
дұрыс пайдалану ережелерінің бұзылысы
болып табылады.
• Құрылғыны электр желіге қосудың алдында
оның кернеуі аспап қоректенуінің номиналды
кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз
(бұйымның техникалық сипаттамасын
немесе зауыттық кестешесін қараңыз).
• Аспаптың тұтынылатын қуатына арналған
ұзартқышты пайдаланыңыз — параметрлердің
сәйкес келмеуі қысқа тұйықталуға немесе
кабельдің тұтануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
• Аспапты тек жерлендірілген розеткаға
қосыңыз — бұл тоқ соғуға қарсы қорғаныстың
міндетті талабы. Ұзартқышты пайдаланылғанда
ол да жерлендірілгеніне көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап жұмыс істеп
тұрғанда оның корпусы, табағы мен
металдық бөлшектері қызады! Абай
болыңыз! Асханалық қолғапты пайдаланыңыз.
Ыстық буға күйіп қалмау үшін қақпақты
ашқанда құрылғының үстінде еңкеймеңіз.
• Аспапты пайдаланған соң, сонымен қатар
оны тазалау немесе жылжыту кезінде
розеткадан ажыратыңыз. Электр бауды
сымынан ұстамай, ашасынан құрғақ
қолмен ұстап шығарыңыз.
• Электр қоректену бауын есіктен немесе
жылу көздерінің қасында жүргізбеңіз.
Электр бауы бұралмауын және бүгілмеуін,
өткір заттарға, жиһаздың бұрыштары мен
шеттеріне тимеуін байқаңыз.
Содержание RMC-M4502
Страница 1: ...Мультиварка RMC M4502 Руководство по эксплуатации ...
Страница 2: ......
Страница 9: ...A1 Канавка I I II II ПОДДЕРЖАНИЕ ТЕМПЕРАТУРА ТЕПЛА 3 1 2 4 4 5 6 8 9 10 11 12 7 ...
Страница 10: ...A2 ВРЕМЯ ПРИГОТОВЛЕНИЯ A B C E F D G ПОДДЕРЖАНИЕ ТЕМПЕРАТУРА ЭКСПРЕСС ТЕПЛА ОБЫЧНАЯ 1 2 3 6 4 5 9 7 8 ...
Страница 91: ......