13
6.
ЖҰМЫС ТӘРТІБ
1.
Шәйнекті суық сумен толтырыңыз.
Шәйнекке су толтырмас бұрын, оны түпқоярдан алыңыз.
Ішуге жарамды салқын суды шәйнекке шүмек арқылы немесе шәйнектің аузы арқылы құйыңыз, судың деңгейі max белгісінен асыра және min
белгісінен төмен болмауы қажет.
2.
Шәйнекті іске қосу.
Қуатты ажыратып қосатын ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ желілі тетігінің пернесін (клавишасын) басу арқылы шәйнекті іске қосыңыз. Бұл ішкі
жарықты жанып тұрады.
Сонымен суды қайнату үдерісі басталады.
Назар аударыңыздар!
Суы жоқ шәйнекті іске қосуға мүлдем болмайды. Суы жоқ шәйнекті кездейсоқ түрде байқамай қосқан жағдайда, оның күйіп кетуден сақтандыру
жүйесі іске қосылады да, шәйнектің қызу үдерісі тоқтатылады, сонымен қатар, құрылғыдағы қуатты ажыратып қосатын ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ
желілі тетігі автоматты түрде СӨНДІРУ қалпына оралып, сол СӨНДІРУ күйінде тұрады. Шәйнекті одан әрі пайдалану үшін, оны тұпқоярдан
алыңыз, содан оны суық сумен толтырмас бұрын, 30 минут бойы, ол суығанша күте тұрыңыз, содан кейін оны суық сумен толтырыңыз.
3.
Шәйнекті сөндіру.
Су қайнаған кезде шәйнек автоматты түрде сөнеді. Сол сәтте құрылғының сыртқы корпусында орналасқан индекаторлық шамы да сөнеді.
Қажет болған жағдайда Сіз құрылғыдағы қуатты ажыратып қосатын ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ желілі тетігінің пернесін (клавишасын) жоғары
қарай, сөндіру қалпына орнатып, шәйнекті қолмен сөндіре аласыз.
Бір рет қайнаған суды қайталап қайнатпаңыз.
Назар аударыңыздар!
Шәйнекті түпқоярдан алмас бұрын оның сөнгеніне көз жеткізіңіз, ол сөнбегенше оны тұпқоярдан алмаңыз.
Шәйнектің қақпағы толығымен жабылмаған немесе ашық қүйінде болса шәйнектің автоматты сөнуі іске қосылмайды.
Суды шәйнектен ақырындап, абайлап құйыңыз. Шәйнектің ішінде ыстық судың барын есіңізде сақтаңыз.
Шәйнекті тек қана тұтқасынан ұстаңыз.
Шәйнекті сөндірген соң, 15-20 секунд өткеннен кейін, яғни құрылғы суып болған соң, шәйнекті қайтадан пайдалануға болады.
7.
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ
1.
Шәйнекті тазартпас бұрын, оны әрдайым сөндіріп, оның
тұпқоярындағы қуат беретін электрлі желілік баусымның штепсельдік айыртетігі
жалғасып тұрған электрлік қоректену желісінен ажыралып тұрғандығына көз жеткізіңіз және ол суығанша күте тұрыңыз.
2.
Шәйнектің сыртын сәл ғана дымқыл шүберекпен сүртіп шығыңыз.
Шәйнекті және оның электрмен қоректендіру түпқоярын, сондай-ақ, тұпқоярындағы қуат беретін электрлі желілік баусымын,
сонымен қатар электрлі желілік баусымның штепсельдік айыртетігін ешбір жағдайда суға немесе басқа сұйықтықтарға батырып
салмаңыз.
3.
Қақтан тазарту.
Шәйнектің ішкі қабырғаларында және түбінде қақ және тұнба түзілуі мүмкін, қақтың түзілуі судың қаттылығына байланысты, бұл судың
құрамында түз болғандықтан орын алады. Қақ пен тұнбалардың бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз, дер кезінде тазарту қажет. Қақ
құралдың жұмысы барысында аздаған шу туғызып, қайнау барысында ұлғаюы мүмкін.
Құрылғылда қақ түзілген кезде су ұзағырақ қайнайды, сонымен қатар егер сіздің шәйнегіңіз су қайнағанға дейін сөніп қалатын болса, бұл,
шәйнекті қақтан тазарту керектігін білдіреді. Қақтың пайда болуы судың қаттылығына байланысты. Шәйнекті қақтан жүйелі түрде,
мүмкіндігінше айына 1 рет тазартып тұрыңыз. Сіздің шәйнегіңізді қақтан тазарту үшін
лимон қышқылының ерітіндісін
пайдалануға болады:
25гр. Лимон қышқылын 0,5л. ыстық сумен араластырыңыз.
Осы қоспаны шәйнекке құйыңыз.
15 минутқа қалдырыңыз.
Шәйнекті салқын сумен екі-үш мәрте шайыңыз.
Қажетіне қарай тазартуды қайталаңыз.
Сіздің шәйнегіңізді тазарту үшін
сіркесудың әлсіз ерітіндісін
қолдануға болады.
Бұл үшін судың 2/3 бөлігін және 6% сіркесудың 1/3 бөлігін араластырыңыз.
Осы қоспаны қыздыратын элемент жабылатындай етіп, шәйнекке құйыңыз, 2 – 3 рет қайнатыңыз да, қайнату кезеңдерінің аралығында 20
минуттық үзіліс жасап, қайнатуды қайталаңыз.
Шәйнекті таза, салқын сумен екі-үш мәрте шайып, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Қажетіне қарай тазартуды қайталаңыз.
Сондай-ақ, Сіз құралдағы тот баспайтын болаттан жасалған қыздырғыш элементі бар темір шәйнектерді қақтан тазартуға арналған арнайы
құралдарды пайдалана аласыз. Тазарту құралдарының қаптамасындағы дайындаушының нұсқауларын басшылыққа ала отырып, оның
нұсқаулығы бойынша қарастырылған барлық ережелерін қолданыңыз.
Назар аударыңыздар!
Шәйнектің ішкі және сыртқы жағын тазарту үшін агрессивті және абразивті заттары бар жуғыш құрылғыларды ешқашан пайдаланбаңыз.
Шәйнекті қақтан тазартуға арналған ұнтақтарды пайдалану барысында суды әркез ұнтақ өндірушісінің нұсқауларына сәйкес қосыңыз. Бұл
қақтан тазартуға арналған арнайы құралдарды сусыз пайдалануға болмайды.
Барлық әрекеттерді, яғни суды құю/төгу/ тазартып, шаю үдерістерін тек шәйнектің тұпқоярындағы қуат беретін электрлі желілік баусымның
штепсельдік айыртетігі электрлік қоректену желіден ажыратылып тұрған болса ғана орындау қажет.
Сүзгіні тазалау
• Тұғырды желіден ажыратып, шәйнекті тұғырдан шығарыңыз. Қалған суды төгіп тастаңыз. Шәйнекті ыстық болса, салқындатыңыз.
• Шәйнектің қақпағын ашыңыз.
• Сүзгіні абайлап көтеріп, судың әлсіз ағымына қойыңыз. Ластануды жұмсақ щеткамен (жинаққа кірмейді) алып тастаңыз. Сумен шайыңыз.
Уақыт өте келе, шайнек қыздырғыш элементі қарқынды қыздыру салдарынан түсі өзгерте алады. Бұл қалыпты, ал шайнек қауіпсіз әрі әрі
қарай қолданыла алады.
Шәйнектің тұпқоярындағы
қуат беретін
электрлі желілік баусымның штепсельдік айыртетігін электрлік қоректену
желісіне жалғастырмас бұрын, алдымен сіздің электр желідегі қолданылатын кернеудің электрлік параметрлері
бұйымдағы (шәйнектің және тұпқоярдың түбі жағында орналасқан) арнайы техникалық кестесінде көрсетілген электр
параметрлеріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз
Шәйнекті оның электрмен қоректендіру түпқоярына орнатыңыз.
Қоректендіру түпқоярына, оның электр жалғауына және электр қосылысына судың тамып кетпеуін әрдайым қадағалаңыз.
Шәйнектің тұпқоярындағы қуат беретін электрлі желілік баусымның штепсельдік айыртетігін ашалы розеткаға жалғастырып
қосыңыз.
Содержание PWK 1774CGL
Страница 1: ......