
18
Назар аударыңыз: шаңсорғышты оның шаңжинағыш контейнердің тұтқасынан ұстап тасымалдауға немесе көтеруге болмайды. Шаңсорғышты
көтеріп тасымалдау үшін тек құрылғыны көтеріп тасымалдауға арналған 6 тұтқасын қолданыңыз, осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың
(«Құрылғының сипаттамасы») тарауын қарап шығыңыз.
Шаңсорғыштың майысқақ құбыршегін жалғастырып қосу: Сур. 2
Шаңсорғыштың майысқақ құбыршектің ұштығын келте құбырындағы ауақабылдағыш саңылауына орнатыңыз, ол үшін құбыршектің жалғастыратын
бөлігіндегі шығынқы (дөңес) жерлері келте құбырындағы ойықтарына (саңылауларына/ ойылған жерлеріне) тұп-тура келетіндей етіп орналасқанына,
яғни олар бір-біріне үйлесіп тұрғанына көз жеткізіңіз,
содан кейін ол толығымен тіреліп бекітілгенше, оны сағат тілінің бағытымен шамалы 30 градусқа бұраңыз.
Шаңсорғыштың майысқақ құбыршегін ажыратып алу: Сур. 3
Алдымен шаңсорғышты өшіріп, оның электр желілік баусымын ашалы розеткадан суырып алыңыз. Шаңсорғыштың майысқақ құбыршектің ұштығын келте
құбырының саңылауынан ажыратып алу үшін оны сағат тілінің бағытына қарсы шамалы 30 градусқа бұраңыз, содан кейін құбыршектің ұштығын тартып,
оны ұяшықтан ажыратып шығарыңыз.
Майысқақ құбыршектің тұтқасындағы ұштығын телескоптық түтіктің қозғалмайтын бөлігіне кіргізіңіз. Сур. 4
Телескоптық түтіктің қозғалмайтын бөлігіндегі пластик бекіткішін алға қарай (өзіңізден әрі қарай) тартып жылжытыңыз, содан кейін оның
жылжымалы бөлігін қажетті ұзындыққа тартып шығарыңыз. Телескоптық түтіктің ұзындығын реттеп алыңыз. Сур. 5
Телескоптық түтіктің жылжымалы бөлігіне қажетті қондырмасын («еден/кілем» үлкен қылшақ қондырмасын немесе жүмсақ жиһаздың қаптауыштарын
тазартуға арналған қондырмасын немесе саңылаулы қондырмасын) кигізіп орнатыңыз.
Кілем, тақталы еден жабынын немесе ағаштан жасалған және өзге де қатты едендік жабындарының барлық түрлерін тазартуға арналған қондырмасын
пайдалану үшін дайындау: Сур. 6
Кілем бетін тазарту үшін – қылшақты шығаруға қажет емес.
Қатты едендік жабындарының барлық түрлерін тазарту үшін – қылшақты шығару қажет.
ҚОЛДАНУ
1. Құрылғының желілік баусымын қажетті ұзындыққа дейін созып шығарыңыз, құрылғының желілік баусымын автоматты түрде орап жинайтын
батырмасының көмегімен баусымның артық бөлігін орап жинаңыз.
Назар аударыңыз!
Құрылғының желілік баусымын созып шығарған кезде, оны сары белгіден (бөлігінен) артық шығармаңыз, себебі, бұл желілік баусымның сары түсті бөлігі
созылып шығарылған баусымның соңғы бөлігінің жақындағанын білдіретін белгісі болып саналады, содан желілік баусымның сары түсті бөлігінен кейін
келесі қызыл түсті бөлігі, бұл шығарылатын баусымның соңғы шеті екендігін білдіреді.
3.
Құрылғының электр желілік баусымның ашасын
электр розеткасына жалғастырып қосыңыз.
Назар аударыңыз!
Құрылғының электр желілік баусымның ашасын электр желісіне жалғастырып қоспас бұрын, бұл құрылғының техникалық сипаттамаларында көрсетілген
кернеудің параметрлері Сіздің үйіңіздегі электрлік желісінде қолданылатын кернеуіне, яғни электрлік желінің параметрлеріне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз, осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың («Құрылғының техникалық сипаттамалары») тарауын қарап шығыңыз.
3. Шаңсорғышты іске қосу үшін, құрылғының сыртқы корпусында орналасқан ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ батырмасын басыңыз.
4
.
Шаңсорғыштың сору күшін реттеу
Шаңсорғыштың сору күшін
екі тәсілмен реттеп алуға болады:
- Сіз шаңсорғыштың сору күшін құрылғыдағы майысқақ құбыршектің тұтқасында орналасқан ауа ағынының қозғалыс жылдамдығын реттеп алатын реттеуіш
тетігінің көмегімен реттей аласыз. Жұмсақ, нәзік материалдар үшін шаңсорғышта сорғызудың ең төменгі қуаттылығын таңдаған дұрыс, сонымен жұмсақ нәзік
материалдарды тазарту үшін шаңсорғыштың ең минималды сору күшін қолдануға кеңес беріледі, ол үшін ауа реттеуіштің жапқышын жылжытып, барынша
ашыңыз. Максималды қуатта (ауа ағынының қозғалыс жылдамдығын реттеп алатын реттеуіш тетігін ең жоғары қалыпқа орнатып, шаңсорғыштың ең
максималды сору күшін пайдалана отырып) және ауа реттеуіштің жапқышын жауып, оны жабық күйінде қалдырып, тақталы еден жабыны мен ағаштан
жасалған және өзге де қатты едендік жабындарының барлық түрлерін тазартуға болады.
- сондай-ақ, сіз құрылғыдағы қозғалтқыштың қуатын реттеуге арналған реттегішін қолдана отырып, шаңсорғыштың сору күшін реттей аласыз. Құрылғыдағы
қозғалтқыштың қуатын реттеуге арналған реттегішін алға/артқа қарай бұрап жылжытқан кезде қозғалтқыштың айналымын бірқалыпты түрде
ұлғайтып/төмендетіп, шаңсорғыштың сору күшін де ұлғайтуға/ төмендетуге болады.
Шаңсорғыштың сору күшін тазарту үдерісі орындалып жатқан кезде де ауыстыруға болады
.