
15
Тұрмыстық шаңсорғыш
POLARIS
Үлгісі PVC 0730
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
POLARIS сауда таңбасымен шығарылатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Біздің бұйымдар сапа, функционалдық
және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес жасалған. Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты міндетті түрде толықтай, мұқият оқып шығыңыз, осы нұсқаулықтың
барлық пайдалану ережелерімен мұқият танысыңыз, онда Сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құрылғыны дұрыс пайдалану
және оған күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар мен кеңестер берілген.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон қорапта және орама материалымен бірге
сақтаңыз.
1. Жалпы мәлімет
Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық, үлгісі PVC 0730 POLARIS сауда таңбасымен шығарылатын, тұрмыстық электр шаңсорғыш (бұдан әрі мәтін бойынша –
құрал, шаңсорғыш, құрылғы) жөніндегі техникалық деректері мен сипаттамаларымен, оның құрылғысымен, оның құрастырылыммен, сонымен қатар
құрылғыны сақтау мен пайдалану бойынша ережелермен танысуға арналған.
2. Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар
Бұл тұрмыстық шаңсорғыш электр энергетикасы саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес пайдаланылуы тиіс, яғни құрылғының
пайдалануы «Тұтынушылардың электрлі қондырғыларын техникалық пайдалану қағидалары» бойынша тұтынушылардың электр қондырғыларын
техникалық пайдалану тәртібін айқындайтын ережелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл шаңсорғыш тек қана үй тұрмыс жағдайында, тұрмыстық мақсатта пайдаланылуы тиіс. Бұл электрлік құрылығыны комерциялық аумақта жоғары
жұмыс қарқындылығында ұзақ уақыт бойы пайдалану, бұл құрылғының шамадан тыс жүктелуiне алып келуі мүмкін, сонымен бірге электрлік
құрылғыны шамадан артық ауыр жүктемеде қолданылуы оның жұмыс істеу мерзімін азайтып, істен шығуына немесе зақымдалуына әкеледі, сондай-ақ,
пайдаланушының және оның айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына да нұқсан келтіруі мүмкін.
Бұл құрылғыны пайдалануды бастамас бұрын, осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты міндетті түрде толығымен мұқият оқып шығыңыз және
анықтамалық материал ретінде қолдану үшін оны сақтап қойыңыз.
Бұл шаңсорғыш осы Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Аталған құрылғыны қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған
кездерді есепке алмағанда, кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, сондай-ақ, құрылғыны қолдану үшін білімі мен тәжірибесі жоқ не оны
қолдана білмейтін адамдар немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына
арналмаған. Олар бұл құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс. Балалардың
құрылғымен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Әр жолы шаңсорғыш құрылғыны іске қоспас бұрын, құрылғыны және оның электр желілік баусымын мұқият түрде қарап шығыңыз, олардың
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Бұл құрылғының және оның электрмен қоректендіретін электр желілік баусымның қандай да бір ақаулығы
анықталған жағдайда, құрылғыны ешбір жағдайда электр желіге, ашалы розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Құрылғы еденге не жерге құлаған жағдайда, оның көзге анық көрінетін қандай да бір ақаулығы (зақымдауы) байқалған кезде, құрылғыны қолданбаңыз.
Құрылғы еденге не жерге құлап кетсе, оны қолданар алдында, қызмет көрсету мәселелері бойынша өкілетті қызмет көрсету орталығының қажетті
біліктілігі бар маманға көрсету қажет, оны тек қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана тексеріп шығуы тиіс.
Назар аударыңыз! Бұл электр шаңсорғышты ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа да ыдыстардың қасында пайдалануға
болмайды.
Электрлік тоқпен зақымданбау үшін бұл құрылғыны, оның электр желілік баусымын ешбір жағдайда суға немесе басқа сұйықтықтарға батырып салуға
мүлдем болмайды.
Бұл құрылғыны тек ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Құрылғыны электр желіге қоспас бұрын, құрылғының техникалық сипаттамаларында
көрсетілген кернеудің параметрлері Сіздің үйіңіздегі электрлік желісінде қолданылатын кернеуіне, яғни электрлік желінің параметрлеріне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
Техникалық стандартқа сай келмейтін қуат беру және электрлік қоректендіру көздері мен ұзартқыш не жалғастырғыш құралдарын және үшжақты
жалғаулық секілді үшайыр бiрiктiргіш қосу құрылғыларын пайдаланбаңыз.