-
Егер осы тіс щетканы қолданған соң шамадан тыс
қанау орын алса, немесе 1 апта пайдаланған соң
қанау жалғаса берсе, тіс дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
-
Sonicare тіс щеткасы электромагниттік
құрылғыларға арналған қауіпсіздік
стандарттарына сәйкес келеді. Егер сізде
кардиостимулятор немесе басқа импланттық
құрылғылар болса, пайдаланар алдында
дәрігеріңізге немесе имплант құрылғысын
өндірушіге хабарласыңыз.
-
Егер сізде медициналық проблемалар болса,
Sonicare құрылғысын пайдаланар алдында
дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
-
Бұл құрылғы тек тістер, қызыл иектер мен
тілді тазалауға арналған. Қандай да бір басқа
мақсатта қолдануға болмайды. Қолайсыздық
немесе ауырсыну сезінсеңіз, құрылғыны
қолдануды тоқтатып, дәрігерге хабарласыңыз.
-
Sonicare тіс щеткасы — жеке күтім құрылғысы
және стоматологиялық жұмыста немесе
мекемеде көптеген емделушілерге қолдануға
арналмаған.
-
Қылшықтары жаншылған немесе майысқан
щетка басын қолданбаңыз. Щетка басын
3 ай сайын немесе тозу белгілері байқалса,
одан да ертерек ауыстырыңыз.
-
Өндірушінің ұсынған щетка басынан басқа
щетка бастарын қолдануға болмайды.
-
Егер тіс пастаңызда пероксид, ас немесе екі көмір
қышқылды содасы (ағартатын тіс пасталарында
көбіне кездеседі) болса, щетка басын әрбір
пайдаланған соң сабындап, сумен мұқият
тазалаңыз. Бұл пластиктің шытынауынан қорғайды.
-
УК жарық шамы дезинфекциялау циклінің
кезінде және тура одан кейін ыстық болады.
Ыстық кезінде УК жарық шамын ұстамаңыз.
ҚАЗАҚША
76
Содержание HX6942/04
Страница 1: ...Philips Sonicare FlexCare ...
Страница 2: ......
Страница 3: ...1 ...
Страница 4: ......
Страница 167: ......