
56
KK
Кеңес
•
Құрғақ ұсақтау, мысалы, кофе дәні ұнтағын және
тағы басқаны жасау үшін ең жақсы нәтижеге жету
мақсатында ұсақтауға арналған керек-жарақты
(CP0998) қолданыңыз.
Цитрус сыққыш
(1-жылдамдық)
Бастамастан бұрын, келесі суретке сай
жинағаныңызды тексеріңіз: 7.
Цитрус сыққышты апельсин, лимон мен
грейпфрут сияқты цитрус жемісінің шырынан
тез әрі оңай сығу үшін пайдалана аласыз.
Ескертпе
•
Цитрус сыққыш торын ыдыстағы сапқа қойыңыз.
Тордағы қорғаныстың ыдыс тұтқасындағы ұяға
бекітілгенін тексеріңіз. Тор дұрыс бекітілгенде сырт
еткен дыбыс естіледі.
•
Цитрус жемісін конусқа итере бастаңыз. Қажет
болса, електен дәнекті алып тастау үшін сығуды
тоқтатыңыз. Сығып болғанда немесе дәнектерді
алып тастағыңыз келгенде, тұтқаны 0-жылдамдық
позициясына бұрап, қосалқы құралдар орнатылған
тостағанды құралдан алыңыз.
•
Цитрустық жемістерді салынатын түтіктің ішіне
ингредиенттерді конуспен күш салып тығындамаңыз.
Диірмен (2-жылдамдық)
(тек HR7520 / HR7530)
Бастамас бұрын, келесі суретке сай
жинағаныңызды тексеріңіз: 8.
Ұсатқышты кофе дәндерін, бұрыш дәндерін,
жаңғақтарды, асшөптерді және кептірілген
жемістерді ұсақтау үшін қолдануға болады.
Інжір сияқты кептірілген жемістерді ұсақтап,
йогурттың бетіне себуге немесе нанға не
печеньеге салуға пайдалануға болады.
Түркиялық кептірілген інжірді өңдегенде жақсы
нәтижелерге қол жеткізу үшін ең көбі 25 г
інжірді 5 секунд
P
жылдамдығында өңдеңіз.
Ескерту
•
Дискінің кесу пышағын ұстағанда абайлаңыз. Онда
өте өткір кесу жүзі бар.
•
Дискіні ешқашан мұз текшелері сияқты қатты
ингредиенттерді өңдеу үшін пайдаланбаңыз.
•
Ингредиенттер салынатын түтіктің ішіне
ингредиенттерді итергішпен күш салып
тығындамаңыз.
Ескертпе
•
Ингредиенттерді беру түтігіне итергішпен салыңыз.
Жақсылап туралуы немесе үгітілуі үшін, азық салатын
түтікті бірқалыпты етіп толтырыңыз. Азықты
көп мөлшерде өңдеу керек болса, онда кішкене
партиялармен өңдеңіз және тостағанды партиялар
арасында босатып отырыңыз.
•
Қалған ингредиенттің кішкентай бөлігі табылса, оны
басқа тағамға пайдалана аласыз.
Блендер (2-жылдамдық)
Бастамастан бұрын, келесі суретке сай
жинағаныңызды тексеріңіз: 6.
Блендерді жеміс-жидектен, көкөніс пен судан
немесе басқа сұйық азықтан сүт коктейльдерін,
шырын, көже мен тұздықтар дайындау үшін
пайдалануға болады. Оны сондай-ақ майонез
жасау үшін пайдалануға да болады.
Ескертпе
•
Блендер қосылып тұрғанда, құмыраға қолыңызды
немесе басқа затты салмаңыз.
•
Пышақтарды блендер құмырасына тақпас бұрын
оған сақина тығыздағышты салыңыз.
•
Өңдеу барысында сұйық азықтарды қосу үшін,
оларды блендер құмырасына азық салынатын тесік
арқылы құйыңыз.
•
Өңдемес бұрын, азықты кішкентай етіп бөлшектеп
алыңыз.
•
Көп мөлшерде дайындау керек болса, бірден көп
азық салмай, кішкентай партияларға бөліңіз.
•
Тасымауы үшін: ыстық немесе көбіктенетін (мысалы,
сүт) сұйықтықтарды өңдегенде, блендер құмырасына
1 литрден артық сұйықтық құймаңыз.
•
Азықтарды блендер құмырасына жоғарғы деңгейден
асырмай салыңыз.