
-
Құралдың негізгі бөлігін температурасы жоғары , ыстық газы, буы
бар, сондай-ақ, бумен пісіргіштің өзінен тыс басқа құралдардан
шығатын ылғалды ыстығы бар жерде сақтамаңыз. Бумен пісіргішті
жұмыс жасап тұрған немесе ыстық плитаның немесе пештің үстіне
немесе жанына қоюға болмайды.
-
Жұмыс істеп тұрған құралды қабырғалар мен ыдыс-аяқ шкафтары
сияқты бумен зақымданатын заттардың жанына немесе астына
қоюға болмайды.
-
Құралды жарылатын және/немесе жанатын булар бар жерде
қолдануға болмайды.
-
Бумен пісіргішті тегіс, тұрақты және көлденең жерге қойып, оның
қатты ысып кетуін болдырмау үшін, айналасында кемінде 10 см бос
жер қалдырыңыз.
-
Алынбалы түптерді бу себеттерінің ішіне үстіңгі жағынан салыңыз.
Түбін дұрыс орнату үшін алдымен бір жағын себетке қарай
төмендетіп, одан кейін екінші жағын түбі орнына түскенше («сырт»)
орналастырыңыз. Төменгі жағындағы тұғырдың жоғары қарап
тұрғанын тексеріңіз. (Cурет 2)
-
Буды беру режимінде жұмыс істеп тұрғанда, жылы сақтау режимінде
болғанда немесе қақпағын ашқанда, бумен пісіргіштен шығатын
ыстық будан аулақ болыңыз. Тамақты тексергенде, сабы ұзын ас үй
құралдарын қолданыңыз.
-
Бумен пісіргіш істеп тұрғанда, оның үстінен еңкеймеңіз.
-
Құралдың ыстық беттерін қолмен ұстамаңыз. Құралдың ыстық
бөліктерін ұстамас бұрын, ас үй қолғаптарын кийіңіз.
-
Істеп тұрғанда, пісіргішті қозғамаңыз.
-
Қақпақты абайлап, өзіңізден алыс ұстап ашыңыз. Күйіп қалмас үшін,
қақпақтағы суды бумен пісіргішке ағызыңыз.
-
Тамақ ыстық болған кезде, бу себеттерін әрқашан тұтқаларынан
ұстаңыз.
-
Су ыдысын суды қайта толтыру шүмегінен босатпаңыз. Су ыдысын
босату үшін негізді артқа қарай қисайтып, суды негіздің артқы
жағынан төгіңіз (Cурет 3).
-
Тазарту үшін, алдымен құралды розеткадан ажыратып, суытып алу
керек.
Автоматты түрде өшіру
Құралдың автоматты түрде өшу функциясы бар. Құралды розеткаға жалғағаннан кейін,
түймені 2 минут ішінде баспасаңыз, құрал автоматты түрде өшеді. Бұған қоса, орнатылған
бумен пісіру уақыты (соның ішінде жылы сақтау уақыты да) аяқталғанда, құрал автоматты
түрде өшеді.
ҚАЗАҚША
75
Содержание HD9171
Страница 1: ...HD9171 User manual ...
Страница 2: ......
Страница 3: ...1 ...
Страница 4: ......
Страница 192: ......
Страница 193: ...2 3 MIN 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 ...
Страница 194: ...22 23 24 25 26 27 28 ...
Страница 195: ......
Страница 196: ...4222 005 0315 2 ...