![Philips HD9171 Скачать руководство пользователя страница 74](http://html.mh-extra.com/html/philips/hd9171/hd9171_user-manual_298310074.webp)
74
-
Құралды тек жерге қосылған розеткаға жалғаңыз. Штепсельдік
ұштың розеткаға дұрыс жалғанғанын әрдайым тексеріңіз.
-
Бұл құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару
жүйесімен басқаруға арналмаған.
-
Штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзі зақымданған болса,
құралды қолданбаңыз.
-
Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны
тек Philips компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында
немесе білікті мамандар ауыстыруы керек.
-
Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі,
сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдар
(соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
-
Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
-
Қуат сымын балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
Құрал тұрған беттің немесе үстелдің шетінен қуат сымы салбырап
тұрмауы тиіс.
-
Қуат сымын ыстық жерлерден аулақ ұстаңыз.
-
Құралды розеткаға жалғамас бұрын, ток сымын негізгі бөліктегі
орауыштан толығымен босатып алыңыз.
-
Тоңазытылған етті, тауықты немесе теңіз тағамдарын бумен пісіруге
болмайды. Бумен пісірмес бұрын, міндетті түрде ерітіп алыңыз.
-
Бумен пісіргішті тамшы науасынсыз ешқашан қолдануға болмайды,
себебі құрылғыдан ыстық су шашырауы мүмкін.
-
Бу себеттері мен сорпа ыдысын тек түпнұсқа негізбен бірге
пайдаланыңыз.
Ескерту
-
Бұл құрал тек үйде пайдалануға арналған. Дүкен, кеңсе, ферма сияқты
жұмыс орындарының асханасы сияқты орталарда қолдануға
жарамайды. Қонақ үй, мотель, жатақ пен таңғы ас берілетін орындар,
басқа да тұрғылықты орталарда қолдануға да болмайды.
-
Құрылғыны дұрыс қолданбаса, кәсіби немесе жартылай кәсіби
мақсаттарда қолданса, пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға
сәйкес қолданбаса, кепілдік жарамсыз болады және Philips
компаниясы болған зақымдарға байланысты кез келген
жауапкершіліктен бас тартады.
-
Philips арнайы ұсынбаған немесе Philips компаниясынан басқа
өндірушілер шығарған қосалқы құралдарды немесе бөлшектерді
қолдануға болмайды. Қолданған жағдайда, өнімнің кепілдігі өз
күшін жояды.
ҚАЗАҚША
74
Содержание HD9171
Страница 1: ...HD9171 User manual ...
Страница 2: ......
Страница 3: ...1 ...
Страница 4: ......
Страница 192: ......
Страница 193: ...2 3 MIN 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 ...
Страница 194: ...22 23 24 25 26 27 28 ...
Страница 195: ......
Страница 196: ...4222 005 0315 2 ...