Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Philips компаниясы шығарған бұл құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес қолданылса, қазіргі
кездегі белгілі ғылыми дәлелдерге негізделе отырып құралды қолдану қауіпсіз деуге болады.
алғашқы рет қолданар алдында
1
Құралды тегіс, жайлы бетке орнатыңыз.
2
Артық сымын құралдың артқы жағындағы ойық жерге кіргізіңіз. Сымды бекіту үшін оны
ойықтың тар бөлігіне қарай итеріңіз (Cурет 2).
Ескертпе: Тоқ сымы ыстық беттерге тимейтіндігін қамтамасыз етіңіз.
3
Құралды тек жерге қосылған розеткаға қосуға болады.
4
Бөлек бөлшектерін тазалаңыз («Тазалау» тармаған қараңыз).
5
Барлық бөліктерін қайта жинаңыз.
- Су ыдысының дұрыс орнатылғанын тексеріңіз (Cурет 3).
- Сүзгі ұстағышының дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. Алдымен сүзгі ұстағышының артқы
жағын ілмек (1) шетінің астына қойып, сүзгі ұстағышы орнына түскенше қолсапты (2)
басыңыз (Cурет 4).
6
Құрылғыны шайыңыз (төмендегі «Құрылғыны шаю» бөлімін қараңыз).
Құрылғыны шаю
Ескертпе: Фильтр ұстағышына фильтр немесе тартылған кофе салуға болмайды.
1
Кофе жасағыштың қақпағын ашыңыз (Cурет 5).
2
Су ыдысына «MAX» деңгей көрсеткішіне дейін суық су құйыңыз (Cурет 6).
Ескертпе: Қақпағы ашық күйінде құралды қосуға болмайды.
3
Қақпақты жабыңыз (Cурет 7).
4
Шайнекті пешке қойыңыз (Cурет 8).
Ескертпе: Құмырады ыстық табанға қойғанда, шүмегі құралға қарап тұрғанын тексеріңіз.
5
Құралды қосу үшін оның қосу/өшіру түймесін басыңыз (Cурет 9).
,
Қосылды деген жарық жанады.
6
Судың барлығы шайнекке құйылғанша, құралды ажыратпаңыз.
7
Құралды өшіріңіз. Кофені тағы қайнатпас бұрын құрал салқындағанша кемінде 3 минут
күтіңіз.
Құрылғыны қолдану
1
Кофе қайнатқышының қақпағын ашыңыз (Cурет 5).
2
Су ыдысына қажетті деңгейге дейін суық су құйыңыз (Cурет 10).
- Су деңгейі әйнегінің сол жағындағы белгілер үлкен сапты аяқтарға сәйкес келеді (120 мл).
- Су деңгейі терезесінің оң жағындағы белгілер кішкене кружкаларға сәйкес келеді (80 мл).
3
Сүзгі ұстағышының дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. Алдымен сүзгі ұстағышының артқы
жағын ілмек (1) шетінің астына қойып, сүзгі ұстағышы орнына түскенше қолсапты (2)
басыңыз (Cурет 4).
ҚазаҚша
38
Содержание HD7451
Страница 1: ...HD7452 HD7451 ...
Страница 2: ...2 ...
Страница 3: ...3 A B D C E F J K G H I 1 ...
Страница 4: ...4 ...
Страница 93: ...93 ...
Страница 94: ...94 2 3 2 1 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 2 1 14 15 16 17 18 19 ...
Страница 95: ...95 ...
Страница 96: ...4222 200 0390 1 ...