7
Жабысып піскен тағамды немесе майды күрекшемен босатып, келесі тағамды қақтар
алдында тамшы науасынан артық майды алып тастаңыз.
8
Гриль пісіруді жалғастыру үшін келесі тағамды торға салыңыз.
9
Гриль пісіру аяқталған кезде құрылғыны (1) өшіріп, штепсель ашасын қабырға
розеткасынан (2) алып тастаңыз. (Cурет 9)
Қақтау уақыттары (Cурет 10)
Тағам кестесінен осы үстел грилінде пісірілген тағам түрлерін табуға болады. Кестеде тағамды
қақтау ұзақтығы көрсетілген (құрылғыны қыздыру уақытын ескермегенде). Қақтау уақыты және
температура пісірілетін тағамның түріне (мысалы, ет), қалыңдығына, температурасына және
талғамыңызға байланысты.
Кеңестер
-
Еттің жұмсақ кесектері гриль үшін өте тиімді.
-
Стейктер сияқты ет кесектері түнде маринадталған жағдайда жұмсағырақ болады.
-
Еттің сөлі ішінде қалып, кеуіп кетпеуін қамтамасыз ету үшін тамақты күрекшемен немесе
қысқашпен бір рет қана аударыңыз. Шанышқы немесе гриль қысқаштары секілді металл
құралдарды қолданбаңыз, себебі олар тордың жабыстырмайтын жабынын зақымдайды.
-
Қақталып жатқан тағамды тым жиі аудармаңыз.
-
Сіз сатай немесе кебаб жасап жатқан болсаңыз, бамбук немесе ағаш шампурларын алдын
ала суға жібітіп алғаныңыз дұрыс, сонда оларды күйіп кетуден сақтайсыз. Метал
шампурларды қолдануға болмайды.
-
Шұжықтар қақтау кезінде жануға бейім болады. Бұны болдырмау үшін қабығын бірнеше рет
ұзынынан кесіңіз.
-
Жас ет мұздатылған немесе мұздан ерітілген етке қарағанда жақсырақ қақталады. Етке
әбден қақталып болғанша тұз салмаңыз. Бұл еттің сөлін сақтауға көмектеседі. Нәтиже
барынша жақсы болуы үшін, пісірілетін ет кесектері тым қалың болмауын қамтамасыз етіңіз
(шамамен 1,5 см).
Бұл үстел грилі нан қоқымдарына аунатылған тамақтарды қақтауға жарамайды.
Тазалау және күту
Ешқашан қырғыш тазалау құралдары мен материалдарын қолданбаңыз, себебі олар
торлардың жабыспайтын бетін зақымдауы мүмкін.
1
Басқару тұтқасын өшірулі күйіне орнатып, құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз (Cурет 9).
2
Құрылғыны 15 минут суытып алыңыз (Cурет 11).
3
Торды тазалар алдында оның бетіндегі артық майды ас үй қағазымен сүртіп алыңыз.
4
Торды түптен оның тұтқаларынан ұстап көтеріп алыңыз (Cурет 12).
5
Тамшы науасын түптен сырғытып суырып алыңыз (Cурет 13).
Ескертпе. Тамшы науасын түптен тек бір жолмен сырғытылып шығаруға болады.
6
Тор мен тамшы науасын кішкене тазалағыш сұйықтық құйылған суда бес минуттай
жібітіңіз немесе кішкене лимон шырынын құйыңыз. Осының арқасында жабысып қалған
тамақ қалдықтары мен май жылдам кетеді.
7
Негізін дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
ҚАЗАҚША
19
Содержание HD6370
Страница 2: ......
Страница 3: ...1 ...
Страница 4: ......
Страница 50: ......
Страница 51: ......
Страница 52: ......
Страница 53: ...10 ...
Страница 54: ...14 2 3 4 5 6 7 8 9 11 12 13 15 ...
Страница 55: ......
Страница 56: ...4203 064 6149 1 ...