88
Қа
зақ
ша
Қауіпсіздік техникасы бойынша шаралар
Осы нұсқауларды міндетті түрде орындаңыз.
Жазатайым оқиғаларды, жарақаттарды немесе мүліктің
зақымдалуын болдырмау үшін төмендегі нұсқауларды
орындаңыз.
■ Келесі диаграмма тиісті түрде пайдаланбаудан
туындаған зақым дәрежесін көрсетеді.
ҚАУІПТІ
Ауыр жарақатқа немесе өлімге себеп
болатын ықтимал қауіпті көрсетеді.
ЕСКЕРТУ
Ауыр жарақатқа немесе өлімге себеп
болуы мүмкін ықтимал қауіпті көрсетеді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Шағын жарақатқа немесе мүліктің
зақымдалуына себеп болуы мүмкін
ықтимал қауіпті көрсетеді.
■ Таңбалар келесідей жіктеледі және түсіндіріледі.
Бұл таңба тыйым салуды көрсетеді.
Бұл таңба орындалуы тиіс талапты көрсетеді.
ЕСКЕРТУ
►
Өнім
Бұл құрылғы ішіне салынған аккумулятормен
жабдықталған. Оны отқа тастамаңыз,
қыздырмаңыз, температурасы жоғары болған
жерлерде қуаттамаңыз және қалдырмаңыз.
‑
Әйтпесе, қызып кетуі, тұтануы немесе жарылуы мүмкін.
Өзгертуге немесе жөндеуге болмайды.
‑
Әйтпесе, өрт шығуы, ток соғуы немесе жарақат алу
мүмкін.
Жөндету (аккумуляторды ауыстыру, т.б.) үшін
өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Кәдеге жаратылған жағдайларды қоспағанда
аспапты ешқашан бөлшектемеңіз.
‑
Әйтпесе, өрт шығуы, ток соғуы немесе жарақат
алу мүмкін.