64
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАЗАЛАУ
Құрылғыны розеткадан ажыратыңыз
және блендер құмырасы жинағын
)C(
алыңыз.
Оларды ақырын ұстаңыз: блендер
құмырасындағы пышақтар өткір.
Құмыраны алып, құмыраны және
қақпағын ағынды су астында
шайыңыз.
Қозғалтқыш блогын
)A(
тазалау үшін
ылғалды шүберекті пайдаланыңыз.
Оны мұқият кептіріңіз.
Қозғалтқыш блогын
)A(
ағынды суға
ешқашан батырмаңыз.
Оңай тазалау үшін алынбалы
бөліктерді пайдаланудан кейін
бірден суда және азғантай жуу
сұйықтығында жуыңыз.
Блендер құмырасын
)C(
оңай
тазалау үшін сағат тілі бағытымен
бір ширекке айналдыру арқылы
пышақтар блогының
)C1(
құлпын
ашыңыз. Тығыздағышты алыңыз
және ағынды су астында немесе
ыдыс жуу машинасында тазалаңыз.
Шыны ыдысты
)C4(
ыдыс жуу
машинасының жоғарғы сөресінде
тазалауға болады. «ECO )ҮНЕМДІ(»
немесе «LOW SALT )ТӨМЕН ТҰЗ(»
бағдарламасын пайдаланыңыз.
Маңызды! Тек қатырылған
жидектерді/жемістерді
араластыру ұсынылмайды,
өйткені олар кесек болып қатуы
және пышақтарды бұғаттауы
мүмкін.
Пайдалану кезінде қосымша
ингредиенттер немесе сұйықтық
қосу керек болса, бұлай істеуге
болады, бірақ беру қақпағын
немесе бүкіл қақпақты алу алдында
араластыруды үзіңіз. Қосылатын
ингредиенттер қозғалтқыш өңдеуі
үшін тым тұтқыр, тым құрғақ немесе
ауыр емес екенін тексеріңіз. Қоспа
тым ауыр көрінсе қақпақтағы
саңылау арқылы біраз қосымша
сұйықтық қосуға немесе резеңке
қалақ арқылы қоспаны пышаққа
қарай қыруға болады.
БЛЕНДЕРДІ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСУ
АЛДЫНДА ҚАҚПАҚ ЖӘНЕ
ТОЛТЫРҒЫШ БЕКІТІЛГЕНІН
ТЕКСЕРІҢІЗ!
Маңызды! Мұз текшелерін
араластырудан кейін шыны
құмыраны қам жылы суда тазалау
керек, өйткені құмыра суыған
және ыстық су шыныда керілістер
тудырып, оны жаруы мүмкін.
Рецепт
Зире қосылған сәбіз сорпасы:
Ингредиенттер:
– 700 г сәбіз, 15 мм x 15 мм
текшелерге кесілген
– 1050 мл су
– 1 шай қасық зире
– тұз және бұрыш
Сәбіз бөліктерін шыны құмыраға
салыңыз және су қосыңыз. Ең
көбі 3 минут бойы ең жоғары
жылдамдықпен араластырыңыз.
Құрылғыны өшіріңіз. Қоспаны
кәстрөлге құйыңыз, зире қосыңыз
және шамамен 30 минут бойы
әзірлеңіз. Сұйықтау сорпаны
алу үшін әзірлеу кезінде су,
талғамыңызға сай тұз бен бұрыш
қосуға болады.
Downloaded from www.vandenborre.be