281
ҚАЗАҚША
•
Өнімді шаршап тұрғанда, алкоголь не дәрі
қабылдаған кезде пайдалануға болмайды.
Әрдайым сақ болыңыз. Көңіліңіз басқа
нәрселерге бөлініп кетсе, құралға ие бола
алмай қалуыңыз мүмкін.
•
Бұл өнімнің қауіпсіздік техникасын елемеуге
болмайды.
•
Жұмыс аймағына өрт сөндіргішін орнатыңыз.
•
Бөлшектері жетіспейтін, бұзылған немесе
рұқсат етілмеген құралды пайдалануға
болмайды.
•
Пайдалану алдында, компрессорды қауіпсіз
пайдалануға болатынын міндетті түрде
тексеріңіз. Қозғалатын бөлшектер ығысып
кетсе немесе қысылып қалса, бөлшек сынса
немесе басқа функциялық ақау орын алса,
компрессорды жөндетіп пайдаланыңыз.
Жазатайым оқиғалардың көбі өнімдерге дұрыс
техникалық күтім көрсетілмегендіктен орын
алады.
ЕСКЕРТУ:
Ауа баллонының жарылу қаупі
ОРЫН АЛУЫ МҮМКІН ЖАҒДАЙЛАР
Төмендегі жағдайлардың салдарынан баллон
нашарлап, ЖАРЫЛУЫ ЖӘНЕ СІЗ НЕМЕСЕ БАСҚА
ТҰЛҒАЛАР АУЫР ЖАРАҚАТ АЛУЫ МҮМКІН:
•
Баллонда жиналған суды дұрыс ағызбасаңыз,
баллон қабырғасын тот басады және ол
жұқарады.
•
Баллонды өзгерту немесе жөндеу әрекеті.
•
Қысым ауыстырғышына, сақтандырғыш
клапанға немесе баллондағы қысымды
реттейтін кез келген басқа компонентке
жасалған рұқсатсыз өзгертулер.
ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ТӘСІЛІ
•
Ауа баллонын күнде немесе қолданған
сайын босатып отырыңыз. Ауа баллоны ауа
шығара бастаса, оның орнына дереу жаңасын
орнатыңыз немесе компрессорды толығымен
ауыстырыңыз.
•
Ауа баллонын бұрғылауға, пісіруге немесе
басқа жолмен өзгертуге болмайды, әйтпесе ол
нашарлайды. Баллон жарылуы мүмкін. Орнына
жаңа ауа баллонын орнатыңыз.
•
Жабдық өндірушілерінің ұсыныстарын
орындаңыз және қондырмалардың рұқсат
етілген максималды қысым көрсеткішінен
мүлде асырмаңыз. Компрессормен
балалардың ойыншықтары, футбол, баскетбол
доптары, т.с.с. аз қысымды заттарды мүлде
үрлеуге болмайды.
ЕСКЕРТУ:
Қондырмалар мен керек-жарақтың жарылу қаупі
ОРЫН АЛУЫ МҮМКІН ЖАҒДАЙЛАР
•
Пневматикалық құралдардың, бүріккіш
пистолеттердің, пневматикалық керек-
жарақтың, шиналардың және басқа үрлемелі
заттардың көрсетілген қысымын асырып
жіберсеңіз, олар жарылып немесе жан-жаққа
ұшып, сізді және басқа тұлғаларды ауыр
жарақаттауы мүмкін.
•
Ауа компрессорының қауіпсіздік техникасы
бойынша барлық ережелерге қоса,
пневматикалық құрал өндірушісі ұсынған
барлық қауіпсіздік техникасы ережелерін
міндетті түрде сақтаңыз. Бұл ережені
сақтасаңыз, ауыр жарақат алу қаупі азаяды.
ЕСКЕРТУ:
Шиналарды үрлеген кездегі қауіпті жағдай
ОРЫН АЛУЫ МҮМКІН ЖАҒДАЙЛАР
Шиналарды асыра үрлесеңіз, ауыр жарақат алуыңыз
және мүлікке зақым келуі мүмкін.
ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ТӘСІЛІ
•
Әр пайдалану алдында, шинаның қысымын
манометрмен тексеріңіз. Шиналарды үрлеп
жатқанда, шинаның бүйірінде жазылған
шинаның қысымын қарап тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ:
Ауа баллондары мен компрессорлар
сияқты шиналарды үрлейтін жабдық шағын
шиналарды немесе соған ұқсас нәрселерді өте
жылдам үрлей алады. Берілетін ауаны шина
қысымының деңгейіне тең немесе одан кем
болатындай етіп реттеңіз. Асыра үрлемеу үшін,
ауаны аздан беріп отырыңыз және манометр
арқылы шинаның ауа қысымын жиі тексеріп
тұрыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Электр тогының соғу қаупі
ОРЫН АЛУЫ МҮМКІН ЖАҒДАЙЛАР
Ауа компрессоры электр қуатымен жұмыс істейді.
Электр қуатымен жұмыс істейтін кез келген басқа
құрылғы сияқты, оны дұрыс пайдаланбасаңыз, сізді
электр тогы соғуы мүмкін.
ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ТӘСІЛІ
•
Осы өнімнің электрлік сымдарын ауыстыру
немесе жөндеу жұмыстарын ұлттық және
жергілікті электр-техникалық нормаларға
сәйкес білікті сервистік персонал немесе
лицензиясы бар электрші орындауы тиіс.
•
Компрессорды сыртта жаңбыр жауып тұрғанда
немесе ылғалды ортада мүлде пайдалануға
болмайды.