RUS
Данный паспорт доступен для скачивания на сайте www.ltcompany.com в разделе «ПРОДУКЦИЯ»
ENG
You are welcome to download the passport in the PRODUCT section on our web-site www.ltcompany.com
KAZ
Бұл төлқұжаты сiз www.ltcompany.com сайтынан, «ӨНІМДЕР» бөлімінен жүктеп аласыз
UKR
Электронна версія паспорту доступна на сайті www.ltcompany.com в розділі «ПРОДУКЦІЯ»
7
«Жарық технологиялары» СК» ЖШҚ
Қуаттылығы 400 Вт-қа дейін жарық түсіретін прожектор.
ТӨЛҚҰЖАТ
1. Қолданылу мақсаты
1.1. Жарық түсіргіш прожектор сәулеттік жарықтандыруға, қойылымдық жарықтандыруға, спорт алаңдары мен залдарды жарықтандыруға және т.б. үшін арналған және 220-240 В
(±10%), 50 Гц (±0,4 Гц) айналмалы токтың желісінде жұмыс істеуге есептелген. Электр энергиясының сапасы МЕМСТ 32144-2013-ге сәйкес болуы керек.
1.2.
Шамдал ТР ТС 004/2011 «Төмен вольтты құрал-жабдықтың қауіпсіздігі туралы», ТР ТС 020/2011 «Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімдігі» қауіпсіздік
талаптарына сәйкес келеді.
1.3. Прожектор сыртқа орнатуға да, сонымен қатар ғимараттың ішінде орнатуда да қолданылады.
2. Техникалық сипаттамалар.
2.1. Р ХЭК 60598-1 МЕМСТ бойынша прожектордың электр тогының зақымдауынан қорғау классы – І.
2.2. МЕМСТ 14254-96 бойынша прожектордың қоршаған ортаның әсерінен қорғаныс деңгейі – IP65 (UM, LEADER сериясындағы прожекторлар үшін), IP54 (UT сериясындағы
прожекторлар үшін).
2.3. Климаттық орындалуы және орналасу санаты МЕМСТ 15150-69 бойынша орташа салқын климат1.
2.4. Қуаттылық коэффициенті – 0,85-тен кем емес. ІҚРА шамдалдары үшін қуаттылық коэффициенті – 0,95-тен кем емес.
2.5. Кабельді тығыздамалы төлкеге ішкі диаметрі 9-12 мм 3 тарамды қоректік кабельді енгізуге болады.
3. Жеткізілім жиынтығы
Прожектор, дана.
1
Орам, дана.
1
Төлқұжат, дана.
1
4. Қауіпсіздік техникасы бойынша талаптар
4.1. Прожекторды орнатуды, тазалауды және құрамдас бөліктерін (лампалар) ауыстыруды тек қуат көзін өшіріп орындаңыз.
4.2. Прожекторды тіректік бетке бекіту сұлбада көрсетілген қашықтықтарды сақтау арқылы орындалуы керек.
4.3. 4.2-
тармақтың талаптарын орындауда прожекторды қалыпты тұтанатын материалдан жасалған бетте орнатуға болады.
4.4. Жұмыс істеп тұрған немесе салқындамаған прожекторды ашуға болмайды.
5. Пайдалану ережесі.
5.1. Прожекторды пайдалану «Тұтынушылардың электрлік қондырғыларды техникалық пайдалану ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.
5.2. Орамнан алынған прожекторға қапсырма бекітіп, тіректік бетте орнатыңыз.
5.3.1. Қуаттылығы 35-тен 400 Вт-қа дейінгі прожекторларды қосу.
5.3.1.1. Қайырмалы қақпақты бекітетін бұрандаларды бұрап, көрсетілген полярлыққа сәйкес клеммалық қалыпқа ток жүретін сымдарды қосып, қорек көзі кабелін корпусқа енгізіңіз.
5.3.1
.2. Көрсетілген типтегі және қуаттылықтағы лампаны қойыңыз. LEADER UM 250H прожекторына орнатылатын лампаның габариттік ұзындығы 226 мм-ден аспауы керек.
5.3.1.3. Бұрандаларды тірекке дейін бұрап, прожектордың қақпағын бекітіңіз.
5.3.1.4. Кабельдік қосудың ілме сомынын бұраңыз.
5.4. Қорғаныс әйнегін сабынды ерітіндіде суланған жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
5.5. Шытынаған немесе басқадай зақымдалған қорғаныс әйнегін ауыстырыңыз.
5.6. Прожекторды жұмыс қалпына орнатқаннан кейін бекіту бұрандаларын орнату қапсырмасының екі жағынан тірекке дейін бұраңыз.
5.7. ІҚРА шамдалдары үшін электрлік қосылыстар сұлбасы ІҚРА корпусында көрсетілген.
6. Қабылдау туралы куәлік.
Прожектор ТШ 3461-006-44919750-13 талаптарына сәйкес және пайдалануға жарамды деп танылды.
Шығарылған күні.
ТББ (техникалық бақылау бөлімінің) бақылаушысы _____________________________________________________________________________________________________________
Ораушы_________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Прожектор сертификатталған.
7. Кепілдік міндеттемелер.
7.1. Өндіруші зауыт кепілдік мерзім кезеңінде қалыпты пайдалану шартында сатып алушының кінәсінен тыс істен шыққан прожекторды ақысыз жөндеуге немесе алмастыруға
міндеттенеді.
7.2. Кепілдік мерзімі – прожекторды дайындаған күннен бастап 36 ай.
7.3. Қалыпты климаттық жағдайда орнату және пайдалануы ережелерін сақтағанда шамдалдардың қызмет ету мерзімі:
корпусы және/немесе оптикалық бөлігі (шашыратқыш) полимерлі материалдардан дайындалған шамдалдар үшін – 8 жыл;
басқа шамдалдар үшін – 10 жыл.
7.4. Істен шыққан лампалар жарамсыз болып табылмайды.
Өндіруші-зауыттың мекен-жайы: 390010, Рязань қаласы, Магистральная көшесі, 11-а үй.