106
< Қоңырау >
Провайдеріңіз ұсынатын қоңырауларды қайта бағыттау
сияқты телефон қоңырауы параметрлерін және басқа арнайы
мүмкіндіктерді реттеуге болады.
Дауыс поштасы
– оператордың дауыстық пошта қызметін
таңдауға мүмкіндік береді.
Бекітілген теру нөмірлері
– қосу және телефоннан қоңырау
шалуға болатын нөмірлердің тізімін жасау. Бұл үшін оператордан
алынатын PIN2 коды қажет болады. Телефоннан тек тізімде
бекітілген теру нөмірлеріне қоңырау шалуға болады.
Кіріс қоңырау қалқыма терезесі
– камера мен бейнелерді
пайдаланғанда шалынған қоңырау қалқымасын көрсетеді.
Қоңырауды қабылдамау
– қоңырауды қабылдамау функциясын
орнатуға мүмкіндік береді.
Қоңырауды қабылдамау режимі
немесе
Қоңырауларды қабылдамау
опцияларының бірін
таңдаңыз.
Хабармен бірге қабылдамау -
егер қоңырауды
қабылдамасаңыз, осы функцияны пайдаланып тез хабарлама
жіберуге болады. Бұл жиналыс кезінде қоңырауды қабылдамау
керек болса пайдалы.
Құпиялықты сақтағыш
– кіріс қоңырауына қоңырау шалушының
атын және нөмірін жасырады.
Қоңырауды бұру
– желі бос емес кезде, жауап болмаған кезде
және сигнал болмағанда барлық қоңырауларды бұру керектігін
таңдаңыз.
Автоматты жауапшы
– Қосылған хэндсфри құрылғысы кіріс
қоңырауына автоматты түрде жауап берместен бұрынғы
уақытты орнатыңыз. Ажырату, 1 секунд, 3 секунд және 5 секунд
параметрлерінің біреуін таңдаңыз.
Баптаулар