29
Телефонды зарядтау
Алғаш рет пайдаланбай тұрып батареяны зарядтаңыз. Батареяны
зарядтау үшін зарядтағышты пайдаланыңыз. Сондай-ақ, USB
кабелі арқылы жалғап, құрылғыны зарядтау үшін компьютерді
пайдалануға болады.
АБАЙЛАҢЫЗ!
LG мақұлдаған зарядтағыштарды, батареяларды және кабельдерді
ғана пайдаланыңыз. Егер мақұлданбаған зарядтағыштарды,
батареяларды немесе кабельдерді пайдалансаңыз, батареяның
кідіріспен зарядталуына немесе баяу зарядталуға қатысты хабардың
шығуына немесе кепілдіктің күшін жоятын батареяның жарылуына не
құрылғының зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
Зарядтағыш қосқышы телефонның төменгі жағында орналасқан.
Зарядтағышты салыңыз да, электр розеткасына қосыңыз.