184
KZ
өнімдерді ғана мұздатыңыз: оларды суығаннан
кейін бір сағат өткенде ғана ораған жөн.
Жақсылап жабылған өнімдерді орап салу үшін
целлофан қапшықтарды немесе алюминий
фольганы пайдаланыңыз. Целлофан қапшықтарды
тығыздап жабу керек. Мұздатылған өнімдерді 6
аптадан 8 аптаға дейін сақтауға болады. Жібіткен
кезде, ылғалының дер кезінде буланып ұшып
кетуін қамтамасыз ету үшін орамын жазу керек.
Ашыған қамырды
мұздатқышта қатыру
Қамырды илеу аяқталып, бірінші рет көтерілгеннен
кейін алынған қамырды қалыптан шығарып алып,
мұздатуға қоюға болады. Қамырды қанша қажет
болса, сонша бөлікке бөліңіз де, содан кейін
қалыңдығы 2 см бөлек шелпектерге жайыңыз.
Шелпектерді арнайы дайындалған табақтарға
салып, қатыру үшін мұздатқыш камераға қою
керек. Әбден мұздаған шелпектер содан кейін
целлофан қапшықтарға немесе алюминий
фольгаға оралады. Қамырды мұздатқыш
камерада 4 аптаға дейін сақтауға болады. Жібіту
үшін шелпектерді тоңазытқыштан кешке алып
қойыңыз. Олардың бетін жаппастан ас үйдегі
үстелге қойыңыз да, қамырдың температурасын
бөлме температурасына дейін жеткізіңіз. Жібіген
қамырды жақсылап илеңіз, содан кейін ол қажетті
қалыпқа келтіру үшін немесе қайтадан көтерілу
үшін дайын болады. Қамырды сондай-ақ қалыпқа
келтірілген күйінде де мұздатуға болады. Қалыпқа
келтірілген қамырды пештегі нан пісіретін табаққа
салып, әбден мұздатылғанша мұздатқыш камераға
салынады. Содан кейін қатқыл болған қамырды
полиэтилен қапшыққа немесе фольгаға орау керек.
Мұндай қамырды мұздатқыш камерада 4 аптаға
дейін сақтауға болады. Жібітуді тоңазытқыштың
тоңазытатын бөлімшесінде кештен бастап немесе
күндіз бірнеше сағат бойы іске асырылады.
Қамырды бөлме температурасына жеткізу үшін
оның орамын ішінара ашып қою керек: бұл артық
ылғалдың буланып кетуіне мүмкіндік береді.
Осыдан кейін қамырдың көлемі 2 есе көбейгенше
оны тындырып қойыңыз. Қамырды тұмшапеште
пісіру рецепттік анықтамалықта келтірілген
нұсқаулар бойынша іске асырылады. Eгер қамыр
мұздатқыш камерада ұзақ сақталуға тиіс болса,
оған бастапқы өнімдерді қосқан кезде ашытқының
көлемі рецептте көрсетілгеннен 1,5 есе артық
болуға тиіс.
Содержание HB-2051BCJ
Страница 116: ...116 UA ...
Страница 148: ...KZ 148 ...
Страница 191: ...PLEASE READ THESE INSTRUCTIONS THOROUGHLY AND CAREFULLY BEFORE OPERATING THIS BREADMAKER MODEL HB 2051BCJ ...
Страница 213: ...MEMO ...
Страница 214: ...MEMO ...
Страница 215: ...MEMO ...
Страница 216: ...MEMO ...
Страница 217: ...MEMO ...
Страница 218: ...Printed in Korea ...