6
Камера
Камера қолданбасын ашу үшін басты экрандағы Камера
түймесін түртіңіз.
Көрініс іздегішпен танысу
Масштаб
– ұлғайту немесе кішірейту.
Cheese ысырмасы
– Фотосуретке түсіру үшін келесі сөздердің біреуін айтыңыз:
«Cheese», «Smile», «Whisky», «Kimchi» немесе «LG».
Жарықтық
– бұл суретке енетін күн жарығының мөлшерін анықтайды және
басқарады.
Камера өлшемі
– фотосурет ажыратымдылығын таңдау. Егер жоғары
ажыратымдылықты таңдасаңыз, файл өлшемі артады, яғни жадта азырақ
фотосуреттерді сақтауға болады.
Баптаулар
– Баптаулар мәзірін ашу үшін осы белгішені түртіңіз.
Бейне режимі
– бейне режиміне өту үшін осы белгішені түртіңіз.
Фотосуретке түсіру
Галерея
– соңғы түсірілген фотосуретті көру үшін түртіңіз. Бұл галереяға кіріп,
камера режимінде кезде сақталған фотосуреттерді көруге мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ:
Суреттерді түсірместен бұрын камера объективінің таза
болуын қамтамасыз етіңіз.