
67
КОНДИЦИОНЕР ВОЗДУХА ТИПА СПЛИТ-ЦИСТЕМА
ҚОЛДАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ
ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР
Өз қауіпсіздігіңіз үшін, сондай-ақ кондиционерді дұрыс пайдалану үшін электр аспабын орнату
алдында және бірінші рет іске қосу кезінде осы нұсқаулықпен және барлық ескертулермен танысып
шығыңыз. Абайсыз істен шығуы мен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін тұрмыстық техника-
ны пайдаланатын адамдардың қауіпсіздік техникасымен және кондиционерді пайдалану жөніндегі
нұсқаулықпен мұқият танысқанына көз жеткізу қажет.
Осы нұсқаулықты сақтап қойыңыз және оны кондиционердің орны ауыстырылғанда неме-
се қайта сатылғанда бірге беріңіз. Сіздің өміріңізді және электр құралын пайдалану үшін қажетті
жағдайларды сақтау үшін осы нұсқаулықтың барлық нұсқауларын орындаңыз, өйткені өндіруші
қателіктерден туындаған істен шығу мен залалдар үшін жауап бермейді.
Сплит жүйесіндегі тұрмыстық үлгідегі кондиционер тұрғын үй, қоғамдық және әкімшілік-
тұрмыстық үй-жайларда санитарлық-гигиеналық нормаларды қамтамасыз ету кезінде оңтайлы ауа
температурасын жасауға арналған.
Кондиционер салқындату, құрғату, жылыту, желдету және ауаны шаңнан тазартуды жүзеге асы-
рады.
• Аспапты қаптамадан шығарғанда оның бүтін екеніне және бүлінбегеніне көз жеткізіңіз.
Қаптама материалдарын балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Кондиционерді
орнатқаннан кейін қаптамалық материалдарды қауіпсіздік және қоршаған орта
жағдайларына сәйкес кәдеге асырыңыз.
• Аспапты пайдалануды бастамас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз.
• Алғашқы қосқан кезде бұйымда көрсетілген техникалық сипаттамаларының электр
желісінің параметрлеріне сәйкестігін тексеріңіз.
• Электрмен қуаттандыру бауының ашасын ауа кондиционерін орнатқаннан кейін ғана
розеткаға қосыңыз.
• Электрмен қуаттандыру ашасына еркін қол жеткізілетініне көз жеткізіңіз.
• Әрбір қосқан сайын кондиционерді қарап шығыңыз. Аспап немесе желілік бауы
бүлінген болса, еш жағдайда аспапты розеткаға қоспаңыз.
• Аспапты сыртта пайдаланбаңыз, оны жаңбыр, ылғал, тікелей күн сәулесінің және
басқа атмосфералық құбылыстар әсеріне ұрындырмаңыз.
• Электрмен қоректендіру бауы немесе розеткасы бүлінген аспапты пайдаланбаңыз.
• Ақаулары пайда болған жағдайда сараптама және жөндеу жүргізу үшін сервис
орталығымен хабарласыңыз.
• Электрмен қоректендіру бауын бүлдірмеңіз, бұрамаңыз, майыстырмаңыз, ұзартуға
болмайды. Оның үстіне ауыр заттар қоймаңыз.
• Аспапты электр желісінен ажырату үшін электрмен қоректендіру бауын тартпаңыз,
ашадан ұстаңыз.
• Орнын ауыстыру, қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде кондиционер өшіріліп,
электр желісінен ажыратылуы тиіс.
• Бұл аспап физикалық және ойлау мүмкіндіктері шектеулі адамдардың (соның
ішінде 8 жасқа дейінгі балалардың), сондай-ақ өздерінің қауіпсіздігі үшін жау-
апты ересек адамның қадағалауынсыз аспапты пайдалану жөніндегі білімі мен
тәжірибесі жеткіліксіз адамдардың пайдалануына арналмаған. Балаларға кондици-
онер элементтерімен ойнауға болмайды. Аспапты тазалауды балалар ересектердің
Содержание KF-CE07
Страница 2: ...2 ...
Страница 15: ...15 КОНДИЦИОНЕР ВОЗДУХА ТИПА СПЛИТ CИСТЕМА ИНСТРУКЦИЯ ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ ОПИСАНИЕ ПАНЕЛИ Модели CE ...
Страница 46: ...46 SPLIT TYPE ROOM AIR CONDITIONER USER GUIDE PANEL DESCRIPTION CE series ...
Страница 65: ...65 SPLIT TYPE ROOM AIR CONDITIONER USER GUIDE ...
Страница 75: ...75 КОНДИЦИОНЕР ВОЗДУХА ТИПА СПЛИТ ЦИСТЕМА ҚОЛДАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ ПАНЕЛЬДІҢ СИПАТТАМАСЫ Сериясы CE ...
Страница 96: ...96 КОНДИЦИОНЕР ВОЗДУХА ТИПА СПЛИТ ЦИСТЕМА ҚОЛДАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ ...
Страница 97: ...97 КОНДИЦИОНЕР ВОЗДУХА ТИПА СПЛИТ ЦИСТЕМА ҚОЛДАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ ...