46
ПА ЙД А ЛА НУ Ж ӨНІ НД ЕГІ НҰ СҚ А УЛЫ Қ
М Ұ ЗД АТҚ Ы Ш Л А Р Ь
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Келесілерді пайдалануға тыйым салынады:
–
еріту процесін жылдамдатуға арналған электр қыздырғыш аспаптар;
–
металл қырғыштар және мұз бен қырауды жоюға арналған өткір заттар;
–
мұздатқыш камерасын тазалау кезінде құрамында хлор бар заттар.
ТАЗАЛАУ
Мұздатқыш ларьдің және есіктің тығыздағышының тазалығын қадағалаңыз.
Жуар алдында оны электр желісінен ажыратыңыз!
1. Мұздатқыш ларьді сыртынан және ішінен сұйық жуғыш затпен жылы суға
малынған таза шүберекпен жуыңыз. Содан кейін құрғақ шүберекпен құрғатып
сүртіңіз.
2. Өткір металл қырғыштарды, күйдіргіш және абразивті тазартқыштарды
пайдаланбаңыз, өйткені олар мұздатқыш ларьдің беттерін сызып тастайды.
3. Жоғары қысымды тазартқышты немесе бу ағынды тазартқыштарды
пайдаланбаңыз, өйткені кіретін ылғал электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
4. Тазалағаннан кейін электрлік қуат беру баусымының бұзылмағандығын
тексеріңіз. Содан кейін ашаны розеткаға мықтап орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тазалау үшін абразивті заттарды, бензинді, бен-
золды, еріткіштерді, ыстық суды, металл немесе қатты щеткаларды және
т.б. қолдануға тыйым салынады, өйткені олар мұздатқыш камераның бетін
бүлдіруі мүмкін.
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ
Пайдалану процесінде тұтынушы өз күшімен жоя алмайтын ақаулықтар
анықталған кезде, тоңазытқыш техникасын жөндеу жөніндегі сервистік шеберханаға
жүгіну қажет.
Бірақ жөндеу қызметіне хабарласпас бұрын осы бөлімді оқып шығыңыз.
Бұл тізімге сапасыз құрастыру немесе осы құрылғыда пайдаланылған сапасыз
материалдардың нәтижесі болып табылмайтын ең көп таралған жағдайлар кіреді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ақаулықтарды жояр алдында бұйымды желіден ажы-
рату керек. Осы Нұсқаулықта берілмеген ақауларды жоюды тек білікті элек-
трик немесе білікті маман жүзеге асыруы керек.
Ақаулық
Мүмкін болатын себеп
Шешім
Мұздатқыш ларь
жұмыс істемейді.
Аша розеткаға қосылмаған немесе
толық қосылмаған.
Электрлік қуат беру баусымының ашасын
розеткаға қосыңыз.
Сақтандырғыш жанып кеткен немесе
ақаулы.
Сақтандырғышты тексеріңіз, қажет болса
ауыстырыңыз.
Аша ақаулы.
Ақаулықты электрик жояды.