45
ПА ЙД А ЛА НУ Ж ӨНІ НД ЕГІ НҰ СҚ А УЛЫ Қ
М Ұ ЗД АТҚ Ы Ш Л А Р Ь
ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жұмыс істеп тұрған кезінде мұздатқыш ларьді жылжытпаңыз немесе еңкейтпеңіз.
Компрессорда шу пайда болуы мүмкін, бұл ерекшелік оның жұмысына әсер етпейді.
Салқындату жүйесінің ішінде айналатын салқындатқыш агент компрессор
жұмыс істемесе де, бәсең бүлкілдеуі мүмкін. Мұздатқыштың жұмысы кезінде мы-
налар да естілуі мүмкін: желдеткіштердің қалақшаларының шуылы; температура
хабаршысы-релесінің іске қосылу шертпелері; ауа қалқалағыштары жетегінің ды-
бысы; тоңазытқыш жүйесінің түтіктері арқылы айналатын салқындатқыш агенттің
шуылы; материалдардың температуралық деформациясы кезіндегі болмашы жа-
рылулар. Уайымдамаңыз, бұл дыбыстар ешқандай ақаумен байланысты емес және
функционалды сипатқа ие.
МҰЗДЫ ЕРІТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Жұмыс кезінде мұздатқыш ларьдің ішкі қабырғаларында қырау пайда болады.
Сондықтан жылына 2-3 рет немесе қырау қабатының қалыңдығы 5 мм-ден асқан
кезде, толық еріту ұсынылады.
* Егер сіз ұзақ уақытқа бір жерге кетуді жоспарласаңыз, мұздатқыш ларьді электр
желісінен ажыратыңыз, азық-түліктерді алыңыз, ерітіңіз және ішін жақсылап жуыңыз.
Жағымсыз иістің пайда болуын болдырмау үшін, есікті ашық қалдырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мұздатқыш ларьді ерітер және жуар алдында, оның
электр желісінен ажыратылғанына және электрлік қуат беру баусымының
ашасы розеткадан шығарылғанына көз жеткізіңіз.
Мұздатылған тағам қоры аз болатын уақытты таңдаңыз және келесі әрекеттерді
орындаңыз:
1. Мұздатқыш ларьді электр көзінен ажыратыңыз.
2. Азық-түліктерді мұздатқыш ларьден шығарып, оларды басқа мұздатқышқа не-
месе тоңазытқышқа салыңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, алдымен өнімдерді
бірнеше қағазға немесе сүлгілерге орап, содан кейін қалың көрпеге орап, салқын
жерге қойыңыз.
3. Барлық себеттерді мұздатқыш ларьден алыңыз, есікті
ашық қалдырыңыз. Ларьдің астында орналасқан дренаж
жүйесінің тығынын ашып, еріген суды жинайтын контейнер
орнатыңыз.
4. Пластикалық қырғышты пайдалана отырып, мұздатқыш камерасының ішкі
қабырғаларынан қырауды мүмкіндігінше тазалаңыз. Мұзды сындыру үшін ме-
талл немесе өткір заттарды пайдаланбаңыз!
5. Еріту процесін тездету үшін ыстық су құйылған тостағанды мұздатқышқа
салыңыз. Мұз еріген кезде, оны пластикалық қырғышпен алыңыз. Еріген судың
қалдықтарын құрғақ шүберекпен жинаңыз.
6. Еріту аяқталғаннан кейін, мұздатқыш ларьді жуып, жұмсақ шүберекпен
құрғағанша сүртіңіз.