Қа
зақ тілі
141
ЭСПРЕССО МАШИНАСЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
26.
Ток сымы зақымдалса, қауіп-қатердің алдын алу
үшін өндірушіге, оның қызмет көрсету агентіне
немесе тиісті біліктілігі бар маманға жөндетіңіз.
27.
Сымы бүлінген құрылғыны қолдануға болмайды.
Құрылғыны
Nespresso
клубына немесе
Nespresso
компаниясының өкілетті өкіліне қайтарып беріңіз.
28.
Қауіп төндіретін бұзылу жағдайының алдын алу үшін
құрылғыны радиатор, пеш, газ пеші, ашық от сияқты
жылу көздерінің үстіне немесе жанына қоймаңыз.
29.
Оны міндетті түрде көлденең, орнықты және жазық
бетке қойыңыз. Қойылған бет ыстыққа және су,
кофе, қақ кетіргіш сияқты сұйықтықтарға төзімді
болуы керек.
30.
Ұзақ уақыт пайдаланылмайтын болса, ток көзінен
ажыратып қойыңыз. Ажыратқанда, сымынан емес,
штепселінен ұстап тартыңыз, әйтпесе сымы бүлініп
қалуы мүмкін.
31.
Тазалау және техникалық қызмет көрсету
үшін штепселін розеткадан суырып, құрылғы
суығанша күтіңіз.
32.
Сымын еш уақытта су қолмен ұстамаңыз.
33.
Құрылғыны немесе оның бөлшектерін суға немесе
басқа сұйықтыққа салуға болмайды.
34.
Құрылғыны немесе оның бөлшектерін ыдыс жуғыш
машинада жууға болмайды.
35.
Электр тогына су тигенде, қатты ток соғатындықтан,
өмір үшін өте қауіпті.
36.
Құрылғыны ашуға болмайды. Ішіндегі кернеу
өте қауіпті!
37.
Саңылауларға ешнәрсе салмаңыз. Әйтпесе
өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін!
38.
Ұзартқыш сым қолдануға болмайды. Қуат сымы тым
қысқа болса, білікті электрик немесе техникалық
қызмет маманын шақырып, құрылғының жанына
розетка қойдырып алыңыз.
ЭСПРЕССО МАШИНАСЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
W10670165A_01_Nespresso_KZ.indd 141
9/26/14 3:47 PM
Содержание Nespresso 5KES0504
Страница 1: ...W10670165A_ENv04 indd 1 9 30 14 11 20 AM ...
Страница 2: ...W10670165A_ENv04 indd 2 9 30 14 11 20 AM ...
Страница 4: ...C 4 E W10670165A_ENv04 indd 4 9 30 14 11 20 AM ...
Страница 159: ...W10670165A_ENv04 indd 27 9 30 14 11 22 AM ...