190
Қазақша
8. Бу генераторын сумен толтырып, қатты
шайқаңыз. Бұл бу генераторының астында əкті
шөгінділердің қабатталуына əкеледі.
9. Бу генераторынан бүкіл суды ағызыңыз.
Сурет T
Құрылғыны сақтауға булау
1. Дөңгелек шөткені жəне турбо қондырманы керек-
жарақтарға арналған бөлікке тығып қойыңыз.
2. Қолмен жұмыс істейтін қондырманы 1-ші
ұзартқыш түтікке кигізіңіз.
3. Ұзартқыш түтіктерді керек-жарақтарға арналған
тұтқышқа салыңыз.
4. Алдымен керек-жарақтарды сақтау бөлігіне
ұзартқыш түтікті, содан соң нүктелі тозаңдату
қондырмасын салыңыз.
5. Еден қондырмасын тұраққа қою тұтқышына
салыңыз.
Сурет Q
6. Бу шлангісін ұзартқыш түтіктерді айналдыра
орап, бу пистолетін еден қондырмасына
салыңыз.
Сурет R
7. Желі кабелін желі кабелін сақтау бөлігіне тығып
қойыңыз.
8. Қүрылғыны құрғақ жəне аяздан қорғалған орынға
сақтаңыз.
Қолдануға арналған маңызды
ескертулер
Еден бетін тазарту
Құрылғыны қолдану алдында еденнің бетін
шаңсорғышпен соруға немесе сыпыруға кеңес
беріледі. Осылайша ылғалды тазартудан бұрын
еден лас пен бөтен заттардан тазартылады.
Матаны жаңарту
Құрылғыны пайдаланбас бұрын бүркеулі жерде
матамен үйлесімділігін əрқашан тексеріңіз: Матаны
бумен өңдеп, кептіріңіз, сосын түсінің немесе
пішімінің өзгергенін тексеріңіз.
Көпқабатты немесе лакталған беттерді
тазарту
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдалған беттер
Бу балауызды, жиһаз лагын, пластик жабындарды
немесе шеттерінің бояуы мен жапсырмасын ерітіп
жібере алады.
Буды желімделген шеттеріне бағыттамаңыз,
жапсырмасы қатпарлануы мүмкін.
Құралды қорғалмаған ағаш немесе паркет
едендерді тазартуға қолданбаңыз.
Құрылғыны боялған немесе пластикпен жабылған
беттерді, асүй немесе үй жиһазын, есіктерді немесе
паркетті тазалауға қолданбаңыз.
1. Осы беттерді тазарту үшін, матаны бумен қысқа
уақыт өңдеп, онымен бетін сүртіңіз.
Əйнекті тазарту.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Əйнектің сынуы жəне беттің зақымдалуы
Бу терезе жақтауының жапсырылған бөліктерін
зақымдауы жəне сырт температурасы төмен болған
кезде терезе əйнегі бетіне күш түсуіне əкелуі,
нəтижесінде оның сынуы мүмкін.
Буды терезе жақтауының жапсырылған бөліктеріне
бағыттамаңыз.
Əйнектің бүкіл бетін бумен мұқият жеңіл өңдеу
арқылы əйнектерді сырт температурасы төмен
болған кезде қыздырыңыз.
Терезенің бетін қондырма-щеткамен тазалап,
микроталшыққа арналған алынбалы майлықты
тазартыңыз. Суды жою үшін, айдауды
пайдаланыңыз немесе бетін құрғатып кептіріңіз.
Қондырмаларды қолдану
Бу тапаншасы
Бу пистолетін мына жағдайларда құрамдас
бөліктерсіз пайдалануға болады:
Ілініп тұрған киімдегі жеңіл қыртыстарды жою
үшін: Киімді бумен 10-20 см қашықтықтан
өңдеңіз.
Шаңды ылғалмен жою үшін: Майлықты бумен
жеңіл өңдеп, онымен жиһазды сүртіңіз.
Нүктелік шүмек
Нүктелік шүмекпен қиын қол жететін аймақтарды,
тігістер, фитингтер, суағар, шұңғылша, əжетхана,
жалюзи немесе радиаторларды тазалауға болады.
Нүктелік шүмек ластанған жерге жақын болған
сайын, тазарту əсері жоғары болады, себебі
шүмектен шыққан кездегі температура мен бу
мөлшері ең жоғары. Қатты əк шөгінділерін бумен
тазарту алдында сəйкес келетін жуғыш құралмен
өңдеуге болады. Жуғыш құралды шамамен 5 минут
əрекет етуге қалдырып, бумен өңдеңіз.
1. Нүктелік шүмекті бу тапаншасына ысырыңыз.
Сурет H
Дөңгелек шөтке (кішкентай)
Кішкентай дөңгелек шөтке қатты кірді кетіру үшін
қызмет көрсетеді. Щетка арқылы ескі ластарды жою
оңай.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдалған беттер
Щетка жұмсақ беттерді сызып тастауы мүмкін.
Жұмсақ беттерді тазартуға арналмаған.
1. Кішкентай дөңгелек шөткені нүктелі тозаңдату
қондырмасына орнатыңыз.
Сурет I
Дөңгелек шөтке (үлкен)
Үлкен дөңгелек шөтке шұңғылша, себезгі кабинасы,
ванна, ас үй жуғышы сияқты үлкен дөңгелек
беткейлерді тазалауға қолайлы болып табылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдалған беттер
Щетка жұмсақ беттерді сызып тастауы мүмкін.
Жұмсақ беттерді тазартуға арналмаған.
1. Үлкен дөңгелек шөткені нүктелі тозаңдату
қондырмасына орнатыңыз.
Сурет I
Тазартуды жақсартуға арналған қондырма
Жақсартылған тазартуға арналған қондырма ескі
ласты тазалауға, бұыштарды, тігістерді жəне т.б.
тазалауға келеді.
1. Жақсартылған тазартуға арналған қондырманы
дөңгелек щетканың орнына нүктелік шүмекке
кигізіңіз.
Сурет I
Қондырма-щетка
Қондырма-щеткамен шағын жуылатын беттерді,
душ кабиналарын жəне айнаны тазалауға болады.
Содержание SC 5 EasyFix Premium
Страница 2: ...36 38 39 40 41 42 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 A 2 ...
Страница 3: ...B C D 1 2 E F G H 1 2 I J K L M 3 ...
Страница 4: ...N O 1 2 P Q R S T 4 ...
Страница 200: ......
Страница 201: ......