Қазақша
191
1. Қолмен жұмыс істейтін қондырманы бу
пистолетіндегі сəйкес нүктелі тозаңдату
қондырмасына кигізіңіз.
Сурет H
2. Майлықты микроталшыққа бекітіңіз.
Еден тазалауға арналған қондырма
Еденге арналған қондырмамен тас едендер, плитка
жəне ПВХ едендер сияқты жуылатын қабырға жəне
еден жабындарын тазалауға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Бумен өңдеуден болған зақымдар.
Жоғары температура мен ылғалдық зақымдарға
əкелуі мүмкін.
Пайдалану алдында будың жылуға төзімділігі мен
əсерін білінбейтін жерде будың аз мөлшерімен
тексеріңіз.
Нұсқау
Тазартылатын беттегі тазартқыш құралдардың
немесе күтім көрстуге арналған эмульсиялардың
қалдығы бумен тазалаған кезде жолақтар пайда
болуына əкелуі мүмкін, ол қайта өңдеген кезде
жойылады.
Құрылғыны қолдану алдында еденнің бетін
шаңсорғышпен соруға немесе сыпыруға кеңес
беріледі. Осылайша ылғалды тазартудан бұрын
еден лас пен бөтен заттардан тазартылады. Қатты
ластанған жерлерде будың ұзақ əрекет етуі үшін
мұқият жұмыс істеңіз.
1. Ұзартқыш түтіктерді бу тапаншасымен
байланыстырыңыз.
Сурет J
2. Еденге арналған қондырманы ұзартқыш түтікке
кигізіңіз.
Сурет K
3. Еденге арналған қондырмаға майлықты бекітіңіз.
a Еденге арналған майлықты еденге жабысатын
жолақтарын жоғары қаратып қойыңыз.
b Еденге арналған қондырманы майлыққа
қойып, жеңіл қысыңыз.
Сурет L
Еденге арналған майлық еденге арналған
қондырмаға өздігінен бекітіледі.
Еденге арналған майлықты алыңыз
1. Аяққа арналған сүйеуішке еденге арналған
майлықты қойып, еденге арналған қондырманы
жоғары көтеріңіз.
Сурет L
Нұсқау
Ең басында еденге арналған шүберектің бекітпе
таспасы əлі жеткілікті түрде жақсы ұсталады
жəне еден қондырмасынан əрең ажыратылады.
Көп рет қолданған жəне жуған соң, шүберек еден
қондырмасынан жақсы шешіледі, оңтайлы бекіту
күшіне қол жеткізілген.
Еден қондырмасын тұраққа қою
1. Жұмыстағы үзілістер кезінде еден қондырмасын
тұраққа қою тұтқышына қойыңыз.
Сурет Q
Кілемге арналған қондырма
Кілемге арналған қондырма арқылы кілемді
жаңалауға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Кліемге арналған қондырма мен кілемдегі
зақымдар
Кілемге арналған қондырмадағы ластанулар,
сондай-ақ жоғары температура мен дымқылға
қанығу кілемнің зақымдануына əкелуі мүмкін.
Оған қоса пайдаланбас бұрын, кілемнің көрінбейтін
жеріне будың аз мөлшерімен жоғары температураға
жəне будың əсеріне тұрақтылығын тексеріңіз.
Кілем өндірушісінің тазарту жөніндегі нұсқауларын
орындаңыз.
Кілемге арналған қондырманы пайдалану алдында
кілемнің шаңсорғышпен тазаланғанына жəне
ықтимал дақтардың кетірілгеніне көз жеткізіңіз.
Пайдалану алдында жəне жұмыстағы үзілістен кейін
ағатын тұрбаға (шүберек қондырмасыз/
құрамдастармен) булау арқылы құрылғыда жиналып
қалуы мүмкін суды (конденсатты) жойыңыз.
Бу щеткасын еденге арналған щеткада шүберек
қондырмамен ғана қолданыңыз.
Кілемге арналған қондырма арқылы бумен тазалау
жұмысын тек кіші буға айналдыру режимі арқылы
орындаңыз.
Жоғары температура əсерінен қатты ылғалданбауы
жəне зақымдалмауы үшін, бу ағынын ұзақ уақыт
бойы бір орынға бағыттамаңыз (ең көбі 5 секунд).
Кілем тазалауға арналған биік түкті кілемге арналған
қондырманы қолданбаңыз.
Кілемге арналған қондырманы еденге арналған
қондырмаға бекіту
1. Шүберек қондырманы еденге арналған
қондырмаға бекіту, мына бөлімді қараңыз: Еден
тазалауға арналған қондырма.
Сурет L
2. Кілемге арналған қондырманы еденге арналған
қондырмаға сырт еткенше жеңіл басып
қондырыңыз.
Сурет M
3. Кілемді тазалауды бастаңыз.
Кілемге арналған қондырманы еденге арналған
қондырмадан алу
몇
АБАЙЛАҢЫЗ
Аяқтың күюі
Бумен өңдеу кезінде кілемге арналған қондырма
қатты қызуы мүмкін.
Бу щеткасымен жалаң аяқ немесе ашық аяқкиімде
ешқашан жұмыс істемеңіз жəне алмаңыз.
Бу щеткасымен тек сəйкес келетін аяқкиімде жұмыс
істеңіз жəне алыңыз.
1. Кілемге арналған қондырманың тілшесін бəтеңке
тұмсығымен төмен басыңыз.
2. Еденге арналған қондырманы жоғары көтеріңіз.
Сурет M
Бу шығарылатын үтік
Нұсқау
Белсенді буды ұстап алу мүмкіндігі бар KÄRCHER
үтіктеу тақтасын пайдалануға кеңес береміз. Бұл
үтіктеу тақтасы сіз алған құрылғыға оңтайлы сəйкес
келеді. Ол үтіктеу процесін жеңілдетеді жəне
жылдамдатады. Кез келген жағдайда қолданылатын
үтіктеу тақтасында буды түбіне дейін өткізетін тор
болу керек.
Нұсқау
Үтіктелетін киім ылғал болып қалмау үшін, үтік бу
шығару деңгейіне қосылған кезде, 5 (VapoHydro
функциясы) құлыпталған болады.
Содержание SC 5 EasyFix Premium
Страница 2: ...36 38 39 40 41 42 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 A 2 ...
Страница 3: ...B C D 1 2 E F G H 1 2 I J K L M 3 ...
Страница 4: ...N O 1 2 P Q R S T 4 ...
Страница 200: ......
Страница 201: ......