KZ
77
Күтім көрсету және
техникалық қызмет көрсету
Су мен токты өшіру
• Су ағып кетпеуі үшін әрбір жуу циклынан кейін су шүмегін
жауып отырыңыз.
• Құрылғыны тазалаған кезде және техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын орындаған кезде оны токтан
ажыратыңыз.
Ыдыс жуу машинасын тазалау
• Құрылғының сыртқы беттері мен басқару тақтасын сумен
ылғалданған, абразивті емес шүберекпен тазалауға
болады. Еріткіштер немесе абразивті ерітінділер қолдануға
болмайды.
• Құрылғының ішіндегі кез келген салтақ іздерді сумен және
аздап сіркемен ылғалданған шүберекпен кетіруге болады.
Жағымсыз иістердің алдын алу
• Құрылғының іші дымқылданып кетпеуі үшін оның есігін
әрдайым біраз ашып ұстаңыз.
• Есік айналасындағы бекіткіштер мен жуғыш зат
диспенсерлерін мерзімді түрде ылғал губкамен тазалап
отырыңыз. Мұның нәтижесінде бекіткіштерде тамақ тұрып
қалмайды, ал бұл жағдай жағымсыз иістердің пайда
болуының негізгі себебі.
Тозаңдатқыш өзекшелерді тазалау
Тамақ қалдықтары тозаңдатқыш өзекшелердің бетіне қатып
қалып, су шашатын тесіктерді бітеуі мүмкін. Сондықтан,
өзекшелерді мерзімді түрде тексеріп, металсыз щеткамен
тазаланып тұрғаны жөн.
Екі тозаңдатқыш өзекшені де шығарып алуға болады.
Жоғарғы тозаңдатқыш өзекшені
шығарып алу үшін пластмассадан
жасалған құлыптау сақинасын
сағат тіліне қарсы бағытта
бұраңыз. Жоғарғы тозаңдатқыш
өзекшені тесіктері көбірек жағын
жоғары қаратып қайтадан орнына
қою керек.
Төменгі тозаңдатқыш өзекшені
бүйірлердегі шығыңқы жерлерді
басып, оны жоғары қарай тарту
арқылы шығарып алуға болады.
Судың кіріс сүзгісін тазалау*
Су түтіктері жаңа немесе ұзақ уақыт бойы қолданылмаған
болса, жалғамас бұрын олар арқылы су өткізіп, таза әрі ішінде
қалдықтар жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Бұл сақтық шарасы
орындалмаса, судың кіріс бітеліп, ыдыс жуу машинасы
зақымдалуы мүмкін.
Шүмек жағындағы судың кіріс сүзгісін мерзімді түрде
тазалап отырыңыз.
- Су шүмегін жабыңыз.
- Судың кіріс түтігінің шетін босатып алыңыз, одан кейін сүзгіні
алып, оны су ағыны астында жақсылап тазалаңыз.
- Сүзгіні орнына қойып, су түтігін орнына бұраңыз.
Сүзгілерді тазалау
Сүзгі жинағы суды тамақ қалдықтарын тазалайтын және
одан кейін суды қайта айналдыратын үш сүзгіден тұрады.
Әрбір жууда ең жақсы нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе, оларды
тазалау керек.
Сүзгілерді мерзімді түрде тазалап отырыңыз.
Ыдыс жуу машинасын сүзгісіз немесе сүзгі босап кеткен
кезде пайдалануға болмайды.
• Бірнеше рет жуғаннан кейін, сүзгі жинағын тексеріңіз
және қажет болса оны металсыз щеткамен әрі төмендегі
нұсқауларды орындай отырып, су ағыны астында жақсылап
тазалаңыз:
1.
Цилиндрлік
C
сүзгісін сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз
да, суырып алыңыз
(1-сурет).
2.
Шыныаяқ
B
сүзгісін жиектері аздап басу арқылы шығарып
алыңыз
(2-сурет);
3.
Тот баспайтын болат тілімше
A
сүзгісін суырып алыңыз.
(3-сурет).
4.
Тұзақты қарап шығыңыз да, кез келген тамақ қалдықтарынан
тазартыңыз. Жуу циклы сорғысының қорғау құралын (қара
түсті зат)
ЕШҚАШАН АЛУШЫ БОЛМАҢЫЗ
(4-сурет).
Сүзгілерді тазалағаннан кейін, сүзгі жинағын орнына қойып,
оны дұрыстап бекітіңіз; бұл ыдыс жуу машинасының тиімді
жұмысы үшін өте маңызды.
Машинаны ұзақ уақыт пайдаланбауға
қалдыру
• Құрылғыны токтан ағытып, су шүмегін жабыңыз.
• Құрылғы есігін сәл ашық қалдырыңыз.
• Қайтып келген кезде, ыдыс жуу машинасын бос ұстап жуу
циклын іске қосыңыз.
*
Тек кейбір үлгілерде бар.
Содержание DFP 27T94
Страница 23: ...IT 23 ...
Страница 34: ...34 EN ...
Страница 67: ...RU 67 ...
Страница 79: ...KZ 79 ...