52
ҚОНДЫРМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Феннің жоғарыда аталған қондырмалары бар.
Қажетті қондырманы орнату үшін оны алдыңғы бөлікке, орнату орнына (4) орнатыңыз
және фенде берік орналасатындай етіп басыңыз. Фенді пайдаланып болғаннан кейін
қондырмаларды алып тастауға болады, бұл үшін оларды тартыңыз.
Стайлингке арналған қондырмалар (6А)
Стайлингке арналған қондырма ауа ағысын шашқа бағыттау үшін қызмет етеді.
Диффузор (6В) (егер жиынтықта болса)
Егер жиынтыққа диффузор кірсе, онда шашты көлемді ету үшін оны стайлингке арналған
қондырманың орнына пайдаланыңыз.
Ұсыныс:
Шашты табиғи көтерілген түрі беру үшін немесе кептіру үшін дымқыл шашқа диффузорды
пайдаланыңыз:
•
Бұрымды қолыңызға алыңыз және оны диффузорға ораңыз. Шаш диффузорға
ұшына дейін оралғандығына көз жеткізіңіз.
•
Фенді орташа жылдамдыққа және максималды температураға қосыңыз, шашты
кептіріңіз.
Көлем беру үшін:
•
Фенді минималды температура мен жылдамдыққа қосыңыз.
•
Диффузорды шаштың ұшына орналастырыңыз және оны бас терісін жеңіл
уқалағандай етіп төменнен жоғары қарай жылжытыңыз.
МАҢЫЗДЫ:
аспаптың түпнұсқалы қондырмаларын ғана пайдаланыңыз.
ҚОЛДАНУ
Нұсқаулықтың сруттерін қараңыз.
Аспаптың ауа ағысы (3А) мен температурасын (3В) реттеуге арналған арнайы
батырмалары бар.
Екі батырма ауа ағысының күші мен температурасын келесі тәртіптерде орнату үшін қызмет
етеді:
Ауа ағысын реттеу батырмасы (3А)
Температураны реттеу батырмасы (3В)
0 = СӨНДІРУЛІ
1 = минималды температура
1 = ауаның орташа ағысы
2 = орташа температура
2 = ауаның күшті ағысы
3 = максималды температура
Салқын ауа батырмасы (3С)
Егер аспапта осы батырма болса, онда оны ретке келтірілген шашты нығайту үшін
пайдалануға болады.
•
Егер фенді қосқан кезде осы батырманы басса, онда ыстық ауа салқындайды, бұл
ретке келтірілген шашты жақсырақ нығайту үшін қызмет етеді.
•
Батырманы жібергеннен кейін таңдалған тәртіпке байланысты, қайтадан ыстық ауа
шығатын болады.
Иондаушы (7) (егер жиынтықта болса)
Аспап ИОН технологиясы бойынша иондаушымен жабдықталған. Аспапты қосқан кезде
аталмыш атқарым автоматты түрде қосылады. Дұрыс қызмет еткен кезде индикатор (7) жанады.
САҚТАУ
Егер сіз фенді пайдаланбасаңыз,онда оны розеткадан ажыратыңыз және шаңнан
қорғалған құрғақ жерде сақтаңыз.
Сымды аспапқа орамаңыз, оны майыстырмай, орамды шешіп алыңыз.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Н
азар
аударыңыз
! Тазартуды бастағанға дейін аспапты сөндіріңіз және
электр желісінен ажыратыңыз Фенді пайдалана бастағанға дейін феннің
барлық бөліктері құрғақ екендігіне көз жеткізіңіз!
ТАЗАРТУ
Аспап пен қондырмаларды тазарту
Аспап пен қондырмаларды (диффузор, стайлингтің қондырмасы) тазарту үшін дымқыл
шүберекті пайдаланыңыз. Еріткіштерді, абразивтік немесе агрессивті жуғыш құралдарды
пайдаланбаңыз. Кері жағдайда аспаптың беткі қабатын зақымдау қаупі бар.
Аспап
сүзгісінің
бітеліп қалмауын жүйелі түрде бақылаңыз. Шаң мен шаштан тазартыңыз.
Сүзгіні тазарту (5А)
Егер аспап сүзгімен жабдықталған болса, мынаны орындаңыз:
•
Сүзгіні (5В) суретте көрсетілгендей етіп ашыңыз.
•
Дықыл шүберекпен торшаның алдыңғы және артқы бөліктерін (5А) және сүзгінің
қақпағын (5В) тазартыңыз.
KK