KAZ
31
күйіне келтіріп аспапты өшіріңіз, электр желіден ажыратыңыз, және тек
осыдан кейін еттартқышты бөлшектеуге кірісіңіз.
«Кеббе» саптамаларын пайдалану
Кеббе – бұл іші қуы түтікшелерді дайындау үшін негізін жасап алатындай
бірге тартылатын қозы (немесе қой) етінен, бидай ұны мен дәмдеуіштерден
әзірленетін тағам. Түтікшелердің іші жентекпен толтырылып, фритюрде
қуырылады. Түтікшелердің ішіндегі жектекті өзгертіп, әртүрлі жеңсік ас
түрлерін дайындауға болады.
• Жұмыс блогын бекіту түймешігін басыңыз (3) мен салынбалы жұмыс
блогын (7) 1-суретке сәйкес корпустағы саңылауға (4) кірістіріңіз.
• Содан кейін жұмыс блогын сағат тіліне қарсы бекітілгенге дейін
бұраңыз (сурет. 2)
• Шнекті (8) салынбалы жұмыс блогына (7) кірістіріп, шнектің жұмыс
блогында толық бекітілуіне дейін бұраңыз (3-сурет).
• Шнекке алдымен «Кеббе» саптамасын (16) орнатыңыз. Саптаманың
(16) шығыңқы жерлерінің еттартқыштың жұмыс блогының (7)
корпусындағы саңылаулармен сәйкес келуін қадағалаңыз (8-сурет).
• Шығыршықты гайканы (14) шамадан тыс тартпай сағат тілінің бойымен
бұрап орнатыңыз (9-сурет).