
72
KZ
Ақаулықтарды жою
Құрылғы дұрыс жұмыс істемей қалған кезде, Көмек қызметіне телефон соқпас бұрын төмендегі тізімнен шешімді іздеңіз.
Ақаулық:
Ықтимал себептері / шешімдері:
Ыдыс жуу машинасы іске
қосылмайды немесе оны басқару
мүмкін емес.
• Құрылғыны ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы өшіріңіз, одан кейін оны
бір шамамен бір минуттан кейін қосып, циклды қайта орнатыңыз.
• Құрылғы розеткаға дұрыс қосылмаған.
• Ыдыс жуу машинасының есігі дұрыс жабылмаған.
Есік жабылмайды.
• Құлып босатылған. «Тық» еткен дыбыс естілгенше есікті қатты итеріңіз.
Ыдыс жуу машинасынан су
ағызылмайды.
• Ыдыс жуу машинасының циклы әлі аяқталмаған.
• Су ағызу түтігі майысқан («Орнату» бөлімін қараңыз).
• Ағызу түтігі бұғатталған.
• Сүзгі тамақ қалдықтарымен бітеліп қалған.
Ыдыс жуу машинасы шамадан
тыс шуыл шығарады.
• Табақтар бір-біріне немесе тозаңдатқыш өзекшеге тиіп тарсылдайды.
• Тым көп көбік түзілген: жуғыш зат дұрыс өлшенбеген немесе ол
ыдыс жуу машиналарында қолдануға қолайлы емес («Іске қосу және
пайдалану» бөлімін қараңыз).
Табақтар мен стақандардың
бетінде ақ түсті қабықшамен
немесе тат қалдықтарымен
қапталған.
• Тазаланған тұз мөлшері аз немесе мөлшерлеме параметрі судың
қаттылығына дұрыс қойылмаған («Шаюға көмекші зат және тұз»
бөлімін қараңыз).
• Тұз диспенсерінің қақпағы дұрыс жабылмаған.
• Шаюға көмекші зат таусылған немесе оның мөлшерлемесі тым төмен.
Табақтар мен стақандар
сызылған немесе реңгі көкшіл.
• Шаюға көмекші заттың мөлшерлемесі тым жоғары.
Ыдыс-аяқ дұрыс кептірілмейді.
• Кептіру циклы жоқ жуу циклы таңдалған.
• Шаюға көмекші зат таусылған немесе оның мөлшерлемесі тым төмен
(«Шаюға көмекші зат және тұз» бөлімін қараңыз).
• Шаюға көмекші зат параметрі қолайлы емес.
• Ыдыс-аяқ жабыспайтын материалдан немесе пластиктен жасалған.
Ыдыс аяқ таза емес.
• Тартпаларға тым көп ыдыс салынған («Тартпаларға ыдыс салу»
бөлімін қараңыз).
• Ыдыс-аяқ дұрыс реттелмеген.
• Тозаңдатқыш өзекшелер еркін бұрыла алмайды.
• Жуу циклы тым нәзік («Жуу циклдары» бөлімін қараңыз).
• Тым көп көбік түзілген: жуғыш зат дұрыс өлшенбеген немесе ол
ыдыс жуу машиналарында қолдануға қолайлы емес («Іске қосу және
пайдалану» бөлімін қараңыз).
• Шаюға көмекші зат бөлігіндегі қақпақ дұрыс жабылмаған.
• Сүзгі кір немесе бітеліп қалған («Күтім көрсету және техникалық
қызмет көрсету» бөлімін қараңыз).
• Тазаланған тұз деңгейі төмен («Шаюға көмекші зат және тұз» бөлімін
қараңыз).
• ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы құрылғыны өшіріңіз. Су ағып кету
қаупін жою үшін шүмекті жабыңыз және айырды розеткадан суырып
алыңыз.
Судың кіріс сүзгісін қалдықтар бітеп тастамағанына көз жеткізіңіз
(«Күтім көрсету және техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
Ыдыс жуу машинасына су
кірмейді - Шүмек өшірулі
дабылы
(ҚОСУ/ӨШІРУ индикатор шамы
жыпылықтайды;
H2O
және
шүмек
таңбасы көрсетіледі; бірнеше секундтан
кейін
F 6
жазуы көрсетіледі).
• Жүйеде су жоқ.
• Судың кіріс түтігі майысқан («Орнату» бөлімін қараңыз).
• Шүмекті ашыңыз, сонда құрылғы бірнеше минуттан кейін іске қосылады.
• Құрылғының құлпы белсендірілген, себебі сигнал берілгенде ешбір
әрекет жасалмаған.
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесінің көмегімен құрылғыны өшіріңіз, одан кейін
шүмекті ашыңыз да, дәл сол түймені бірнеше секундтан кейін
басу арқылы құрылғыны қайтадан қосыңыз. Құрылғыны қайта
бағдарламалап, жуу циклын қайтадан бастаңыз.
Бітелген сүзгі дабылы
Дисплейде
«сүзгі»
таңбасы жанады.
• Жуу циклы аяқталғанына көз жеткізіп, ыдыс жуу машинасының есігін
ашыңыз да, кесе сүзгісі мен тот баспайтын болаттан жасалған сүзгіні
тазалаңыз («Күтім көрсету және техникалық қызмет көрсету» тарауын
қараңыз). «Бітелген сүзгі» таңбасы келесі цикл басталғанда өшеді.
*
Тек кейбір үлгілерде бар.
195112427.01
05/2013 jk - Xerox Fabriano
Содержание LFF 8M116
Страница 44: ...RU 44 44 RU LFF 8M116 45 46 47 48 49 50 51 52 53 Ecodesign 54 55 56 57 58...
Страница 45: ...RU 45 2012 19 EU WEEE 50 C 65 C...
Страница 46: ...RU 46 1 2 3 4 8 3 4 60 C 4 40 80 New Acqua Stop...
Страница 47: ...RU 47 1...
Страница 49: ...RU 49 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Zone Wash Short Time Zone Wash Short Time...
Страница 50: ...RU 50...
Страница 51: ...RU 51 Lift Up...
Страница 52: ...RU 52 35 35 1 2 3 TABS 1 2 3 4 5 6 7 8 END 9 La...
Страница 56: ...RU 56 1 1 2 2 3 3 4 4...
Страница 57: ...RU 57 H2O F 6...
Страница 59: ...LFF 8M116 KZ 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 59...
Страница 60: ...60 KZ WEEE 2012 19 EC 50 C 65 C...
Страница 61: ...KZ 61 1 2 3 4 8 60 C 4 40 80 New Acqua Stop...
Страница 62: ...62 KZ 1...
Страница 64: ...64 KZ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Short Time Short Time...
Страница 65: ...KZ 65...
Страница 66: ...66 KZ A...
Страница 67: ...KZ 67 1 2 3 4 5 6 7 8 9 35 35 1 2 3 TABS...
Страница 71: ...KZ 71 1 C 1 2 B 2 3 A 3 4 4...
Страница 72: ...72 KZ H2O F 6 195112427 01 05 2013 jk Xerox Fabriano...