65
it
65
kz
Температура 45 °C-тан төмен болғанда
шәугім автоматты түрде өшіп, «күту»
режиміне өтеді.
Қыздыру процесі аяқталмай тұрып ыдыс
алынып, қайта салынса, параметрлер бірнеше
минут белсенді болады.
Ауыстырып-қосқышқа ештеңе кедергі
жасап тұрмағанына және қақпақша мықтап
жабылғанына көз жеткізіңіз: ауыстырып-
қосқышқа бірдеңе кедергі жасап тұрса немесе
қақпақша ашық тұрса, шәугім дұрыс өшпейді.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
Тазаламас бұрын құрылғыны розеткадан ажырату
қажет.
1.
Корпустың сыртын ылғал шүберекпен немесе
тазалағышпен сүртіңіз. Уытты тазалағыш зат
қолданушы болмаңыз.
2.
Сүзгіні жүйелі түрде тазалап отыруды
ұмытпаңыз. Тазалауды жеңілдету үшін
сүзгіні жоғары тарту арқылы шешіп алыңыз
(1-суретті қараңыз). Тазалағаннан кейін оны
орнына қойыңыз.
Өңін кетіріп алмау үшін, шәугімнің
сыртын тазалаған кезде химиялық,
болат, ағаш немесе жеміргіш тазалағыштар
немесе щеткалар қолданбаңыз.
ТҰЗ ҚАҚТАРЫН КЕТІРУ
Шәугімді жүйелі түрде қақтан тазалап тұру керек,
себебі құбыр суындағы тұздар шәугімнің түбінде
қақ түзіп, оның өнімділігін азайтуы мүмкін.
Дүкендерде сатылатын кез келген қақ кетіргішті
қолдануға болады. Hotpoint компаниясы WPro
қақ кетіргішін қолдануды ұсынады. Қақ кетіргіштің
қаптамасындағы нұсқауларды орындаңыз. Немесе
төмендегі нұсқауларды орындап, ақ сірке суын
қолдануға болады.
1.
Құрылғының 3/4 толтырып, қайнатып, одан
кейін құрылғыны розеткадан ағытыңыз
да (сымсыз шәугімді тұғырынан алыңыз),
бос шұңғылшаға немесе тегешке қойыңыз.
Суға біртіндеп 50 мл ақ сірке суын қосыңыз.
Ішіндегі ерітіндімен шәугім бір түн тұрсын.
2.
Шәугімдегі қоспаны төгіп, шәугімге таза
су құйып, қайнатып, одан кейін суды төгіп
тастаңыз. Сірке иісі кеткенше бірнеше рет
қайталаңыз. Шүмек ішінде қалған дақтарды
дымқыл шүберекпен сүртіп алу арқылы
кетіруге болады.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
ҚАПТАМА МАТЕРИАЛДАРЫН ТАСТАУ
Қаптама материалының 100% қайта
өңдеуге болады және ол қайта өңдеу
таңбасымен (*) белгіленген. Сондықтан
қаптаманың әр түрлі бөліктерін
тастағанда жауапкершілік танытып,
қоқыс тастауға қатысты жергілікті органдардың
ережелерін ұстану қажет.
ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОҚЫСҚА
ТАСТАУ
Құрылғыны қоқысқа тастаған кезде қуат кабелін
қиып, оны қолданылмайтын күйге келтіріңіз,
сондай-ақ балалар ішіне кіріп, шыға алмай
қалмауы үшін есіктері мен тартпаларын алып
тастап, жойыңыз.
Бұл құрылғы қайта өңдеуге болатын (*)
немесе қайта қолдануға болатын
материалдардан жасалған. Оны қоқыс
тастауға қатысты жергілікті ережелерге
сәйкес тастаңыз.
Тұрмыстық электр құрылғыларды өңдеу, қалпына
келтіру және қайта өңдеу туралы қосымша ақпарат
алу үшін, құзырлы жергілікті органға, тұрмыстық
қоқысты жинаумен айналысатын қызметке немесе
құрылғыны сатқан дүкенге хабарласыңыз.
Бұл құрылғы электр және электрондық құрылғылардың
(WEEE) қалдықтарына қатысты 2012/19/EU Еуропа
директивасына сәйкес белгіленген.
Осы өнімнің дұрыс тасталуын қамтамасыз ету
арқылы осы өнімнің дұрыс тасталмаған жағдайда
қоршаған орта мен адам денсаулығына тигізетін
кері әсерінің алдын алуға көмектесесіз.
Өнімдегі немесе ілеспе құжаттамадағы (*)
таңбасы бұл өнім кәдімгі тұрмыстық қоқыс
сияқты
тасталмай,
электр
және
электрондық жабдықты қайта өңдеумен
айналысатын тиісті жинау орталығына
тапсырылуы тиіс екенін білдіреді.
Ешбір орама материалы
тағамға тимеуі керек.