![Centek CT-1462 Скачать руководство пользователя страница 10](http://html.mh-extra.com/html/centek/ct-1462/ct-1462_instruction-manual_2581558010.webp)
10
Суға ештеңе қоспаңыз. Дәмдеуіштер, маринадтар және тағы басқаларын
бу шығаруға арналған суға емес, өнімдерге қосу қажет. Қосылған заттар
бумен бірге шықпай, резервуарда қалып қояды, бұл оның бетінің бұзылуына
және қыздыру элементінің бүлінуіне әкелуі мүмкін.
3. Бу түтігін ішкі резервуардың ортасына қойыңыз. Содан кейін тамшы
жинау үшін түптабанды орнатыңыз.
4. Аспапты үш тәсілмен пайдалануға болады:
- Тек буқазанның төменгі тостағанымен: өнімдерді тостағанға салып, то
-
стағанды түбіне орнатыңыз.
- Буқазанның үш тостағанымен: әр тостағанды нөміріне сәйкес орнала
-
стырыңыз. Тәртіпті бұзбаңыз, әйтпесе тостағандар дұрыс орнықпайды.
- Буқазанның екі тостағанымен. Бұл жағдайда тек ортаңғы тостағанды
астыңғы тостағанмен біріктіруге болады.
5. Буқазанды қақпақпен жабыңыз.
6. Аспапты электрмен қоректендіру розеткасына жалғаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Буқазанды тостағаны орнатылмаған күйінде және
қақпақсыз пайдаланбаңыз.
7. Таймерді ұсынылған уақытқа орнатыңыз. Жұмыс индикаторы жанады.
Бірнеше минуттан кейін бу тостағанға тола бастайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Жұмыс кезінде буқазанның түбіне, тостағандары
-
на және қақпағына қол тигізбеңіз. Буқазанмен жұмыс кезінде әрқашан
қолғапты пайдаланыңыз.
8. Таймер бастапқы күйіне оралып, дыбыстық сигнал естілгенде, буға тамақ
пісіру аяқталған болып саналады. Бумен пісіру функциясы автоматты түрде
өшеді. Жұмыс индикаторы сөнеді.
9. Бумен пісіру аяқталғаннан кейін, аспапты розеткадан ажыратып, буқа
-
занның тостағандарын алмас бұрын оны әбден суытыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Тамшы жинауға арналған түптабанды алған кезде абай
болыңыз. Құрылғының басқа бөліктері салқындағанымен, резервуардағы
және тамшыларды жинайтын түптабандағы су әлі де ыстық болуы мүмкін.
7. Жұмыс индикаторы
8. Су толтыруға арналған шүмек
3. ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҒЫ
1. Қос қазандықтың негізі - 1 дана
2. Тостаған - 3 дана
3. Күріш пісіретін ыдыс - 1 дана
4. Қақпақ – 1 дана
5. Паллет - 1 дана
6. Тостағанға арналған бекіткіш - 3 дана
7. Пайдалану жөніндегі Нұсқаулық - 1 дана
4. ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘРТІБІ
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ
Алғаш рет пайдаланар алдында буқазанды толықтай тазалау қажет.
Алынбалы тостағандарды, түптабан және буқазан қақпағын ыдыс жуа
-
тын затпен жуып, жақсылап шайыңыз және құрғатыңыз. Резервуарға Max
белгісіне дейін су толтырып, барлық бөлшектерді жинап, аспапты қосыңыз.
30 минуттан кейін жұмысты аяқтап, суды төгіңіз.
АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУ
1. Буқазанды қабырғадан жеткілікті қашықтықта тегіс, орнықты еден
бетіне орнатыңыз.
2. Резервуарға қажетті мөлшерде су құйыңыз. Судың деңгейі ең жоғарғы
белгіден аспауы тиіс.
Резервуарды судың ең төменгі белгісіне дейін толтырған кезде, су қоры
аспаптың 20 минуттық жұмысына жетеді. Резервуарды ең жоғарғы белгіге
дейін толтырған кезде – 60 минут жұмыс істейді.
Егер буқазан бу шығаруды тоқтатса немесе тамақ пісіру үшін бу мөлшері
жеткіліксіз болса, резервуарға су толтыру қажет.
СУСЫЗ ҚОСЫЛУДАН ҚОРҒАЛҒАН
Буқазанда су таусылса, құрылғы автоматты түрде өшеді. Бұл жағдайда
аспаптың суығанын күтіп, содан кейін оған салқын су құйыңыз.
ҚОСЫМША СУ ҚҰЮ
Егер аспаптағы су толығымен қайнап таусылып қалса, термостат элементтің
қуатын өшіреді. Шам сөнеді, бірақ таймер жұмысын жалғастыра береді. Сіз
қосымша су құйғанға дейін немесе таймер «0» күйіне қайтып келгенге
дейін термостат әлсін-әлсін қосылып, өшіп тұратын болады. Негізгі блокты
желіден ажыратып, бірнеше минут суытыңыз, содан кейін резервуарға су
құйып, құрылғыны қайта қосыңыз. Қажетті уақытты есептеген кезде бумен
тамақ пісірудің өткен уақытын ескеріп, тағы біраз уақыт қосыңыз, өйткені
тамақ пісіру процесі барлық су қайнап таусылғанымен бірден тоқтамайды.
ҰСЫНЫМДАР МЕН КЕҢЕСТЕР
1. Тағам езіліп кетеді деп алаңдамаңыз -бумен пісіру -бұл тамақ пісірудің
салыстырмалы түрдегі жұмсақ тәсілі.
2. Бу айналымын қамтамасыз ету үшін:
- Өнімдерді тостағанға тым толтырып салмаңыз.
- Мүмкіндігінше өнімдерді бір қабат етіп орналастырыңыз.
- Тамақ тілімдерін тым тақап салмаңыз.
- Өнімдерді қабаттарға төсеу кезінде, будың қабаттар арасында айналуын
қамтамасыз ету үшін әр қабатта бөліктер арасында бос орын қалдырыңыз.
3. Су деңгейі әрдайым терезесінен көрініп тұруы тиіс.
4. Буқазан жұмыс істеп тұрған кезде ешқашан қақпағын алып тастамаңыз.
5. Өнімдерді бір қабат етіп жайыңыз.
6. Өнімдерді бірдей тілімдерге кескенде тамақты бумен біркелкі өңдеу
қамтамасыз етіледі.
7. Тамақты ұзақ пісіру кезінде өнімді бумен біркелкі өңдеу үшін циклдың
ортасында араластырып қойыңыз.