34
35
KZ
KZ
•
Қуаттандыру бауының айырын электрлік розеткаға
салудың алдында температураны реттегішті
минималдық күйге орнатып, буды тұрақты беруді
өшіріңіз.
•
Үтікті пайдаланбаған кезде міндетті түрде үтікті
өшіріп, қуаттандыру бауының айырын электрлік
розеткадан шығарып қойыңыз.
•
Суқоймаға тұрмыстық сүзгіштен қосымша таза-
ланған суды құюға кеңес беріледі.
•
Суға арналған резервуарға газдандырылған
суды, хош иістендіргіш сұйықтықтарды, сірке суы
қышқылын, крахмал ерітіндісін, қақтарды жоюға
арналған реагенттерді, химиялық заттарды ж.т.б.
құюға тыйым салынады.
•
Суқоймадағы судың деңгейі «MAX» максималдық
белгісінен жоғары болмауын бақылаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Үтіктің беттері жұмыс
уақытында қызады. Күйіп қалмау үшін терінің ашық
жерлерін үтіктің ыстық беттеріне немесе шығатын
буға тигізбеңіз.
•
Адам киіп тұрған киімді буландыруға тыйым салы-
нады, киімді үнемі тек қана ілгішке іліңіз.
•
Қуаттандыру бауын үтікті тасымалдауға арналған
қолсап ретінде пайдалануға тыйым салынады.
•
Үтікті пайдаланып болғаннан кейін немесе оны
тазалаудың алдында құралды өшіріп, қуаттандыру
бауының айырын шығарыңыз.
•
Құралды электр желісінен ажыратқан кезде тек қу-
аттандыру бауының айырынан ұстаңыз және оны
электр розеткасынан абайлап суырыңыз, қуаттан-
дыру бауынан тартпаңыз – бұл оның зақымдануы-
на әкеліп, қысқа тұйықталуын тудыруы мүмкін.
•
Электр тогының соғуына жол бермеу үшін үтікті,
қуаттандыру бауын және қуаттандыру бауының
айырын суға немесе кез-келген басқа сұй-
ықтықтарға салуға болмайды.
•
Үтікті жинап қоярдың алдында оны толық суытып,
судың қалдығын төгіңіз.
•
Құралды тұрақты түрде тазалап тұрыңыз.
•
Балалардың қауіпсіздігі үшін орама ретінде
пайдаланылатын полиэтилен пакеттерді қараусыз
қалдырмаңыз.
•
Дене, жүйке немесе сана мүмкіндіктері төмен-
детілген тұлғалардың (балаларды қоса алған-
да) немесе оларда тәжірибесі немесе білімі
болмаса, егер олар бақыланбаса немесе олардың
қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғамен аспапты
пайдалану туралы нұсқаулықтар берілген болма-
са, аспап олардың пайдалануына арналмаған.
•
Қуаттандыру баудың оқшаулауының бүтіндігін
жүйелі түрде тексеріп отырыңыз.
•
Қуаттандыру бауы зақымданғанда қауіп тудырмау
үшін оны дайындаушы, сервистік қызмет немесе
баламалы білікті маман ауыстыруы тиіс.
•
Құралды өздігіңізден жөндеуге тыйым салынады.
Құралды өздігіңізден бөлшектемеңіз, кез- келген
ақаулықтар пайда болғанда, сондай-ақ құрал
құлаған болса оны электр желісінен ажыратыңыз
және сервис орталығына жүгініңіз.
•
Құралды зақымдамау үшін тек зауыт қаптамасын-
да тасымалдаңыз.
•
Құралды салқын және құрғақ, балалардың және
мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
ҚҰРАЛ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА АР
-
НАЛҒАН, ҚҰРАЛДЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ НЕМЕСЕ
ЗЕРТХАНАЛЫҚ МАҚСАТТАРДА ПАЙДАЛАНУҒА
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛУ АЛДЫНДА
Құралды кері температурада тасымалдағаннан
немесе сақтағаннан кейін оны қаптамадан шыға
-
рыңыз және пайдаланудың алдында кемінде 3
сағат күтіңіз.
•
Үтікті қаптамасынан шығарыңыз және қаптама
материалдары мен жарнамалық жапсырмаларды
алып тастаңыз,
•
Үтіктің табанында (11) қорғаныс үлдірі бар болса,
оны шешіңіз.
•
Суқоймада (10) судың қалдықтары болуы мүмкін,
себебі өндірісте үтік сапа бақылауынан өтеді.
•
Зауыттық қаптамасын сақтап қойыңыз.
•
Қауіпсіздік шаралары мен пайдалануға беруге
қатысты кеңестермен танысыңыз.
•
Жинақталымын тексеріңіз.
•
Құралды зақымдануының бар-жоқтығына тексеріп
алыңыз, зақымдануы болған жағдайда оны элек-
трлік желіге қосуға болмайды.
•
Құралда көрсетілген қуаттандыру кернеуінің пара-
метрлері электр желісінің параметрлеріне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз. Құралды 60 Гц жиіліктегі
электр желісінде пайдаланған кезде ешқандай
қосымша әрекет қажет емес.
•
Үтіктің корпусы мен табанын дымқыл матамен
сүртіңіз, содан соң құрғатып сүртіңіз.
Назар аударыңыз!
Балаларға полиэтилен қаптар-
мен немесе қаптамалық үлдірмен ойнауға рұқсат
етпеңіз.
Тұншығу қаупі бар!
•
Құрал балалардың пайдалануына арналмаған.
•
Құралды ойыншық ретінде пайдалануға жол бер-
меу үшін балаларды қадағалаңыз.
•
Балаларға жұмыс істеп тұрған құралдың жұмыс
бетін, құрал корпусын, қуаттандыру бауы немесе
қуаттандыру бауының айырын ұстауға рұқсат
етпеңіз.
•
Егер жұмыс істеп тұрған құралдың маңында
балалар немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдар
болса, онда ерекше назарда болыңыз.
•
Жұмыс істеу уақытында және жұмыс циклдері
арасындағы үзілістерде құралды балалардың
қолы жетпейтін жерге орналастырыңыз.