32
33
KZ
KZ
KZ
ҮТІК BR4001
ҮТІК BR4001
Үтіктің осы моделінің ерекшелігі – температура
-
ны реттегіштің жоқтығында. Үтік автоматты түрде
температураның оңтайлы үйлесімі мен үтіктеуге
болатын кез-келген мата үшін будың көлемін
анықтайды.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Су шашыратқыш шүмек
2.
Су құятын тесіктің қақпағы
3.
Тұрақты бу жіберуді реттегіш
4.
Қосымша бу беру түймесі
5.
Су шашыратқыштың пернесі
6.
Қыздырғыш элементті іске қосу/сөндіру/ үтікті
автоматты сөндіру индикаторы
7.
Қолсап
8.
Желілік баудың қорғанысы
9.
Үтіктің негізі
10.
Суға арналған суқойма
11.
Үтіктің табаны
12.
«Self-Clean» өздігінен тазалану тәртібінің
түймесі
13.
Өлшейтін стакан
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қосымша қорғаныс үшін қуаттандыру тізбегінде
номиналдық іске қосылу тогы 30 мА аспайтын
қорғаныс сөндіру құралын (ҚСҚ) орнатқан дұрыс,
ҚСҚ-ны орнату үшін маманға жүгініңіз.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА
БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Үтікті пайдалану алдында пайдалануға беру
жөніндегі нұсқаулықпен жіті танысыңыз, оқыған
-
нан кейін болашақта пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
•
Құралды осы нұсқаулықта баяндалғандай оның
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
•
Үтікті дұрыс қолданбау оның бұзылуына, және
пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян кел-
тіруге әкеп соғуы мүмкін және кепілдік жағдайы
болып табылмайды.
•
Заттаңбада көрсетілген құралдың жұмыс кернеуі
пәтеріңіздегі электр желісінің кернеуіне сәйкес
екеніне көз жеткізіңіз.
•
Қуаттандыру бауы «еуроайырмен» жабдықталған;
оны жерге сенімді қосылған байланысы бар элек-
трлік розеткаға қосыңыз.
•
Өрт шығу қаупін болдырмау үшін құралды электр
розеткасына қосу кезінде ауыстырғыштарды
пайдаланбаңыз.
•
Электр желісіндегі жүк шамадан асып кетпеуі
үшін көп қуатты тұтынатын бірнеше құралды бір
мезгілде қоспаңыз.
•
Құрал корпусын, қуаттандыру бауын және
қуаттандыру бауының айырын дымқыл қолмен
ұстамаңыз.
•
Қуаттандыру бауының үтіктейтін тақтада жатпа-
уын, ыстық беттермен және жиһаздың үшкір
шеттерімен жанаспауын қадағалаңыз.
•
Құралды жылыту аспаптарының, ашық оттың
немесе жылу көздерінің тікелей жанында пайда-
лануға болмайды.
•
Құралды асүй раковинасына жақын, жуына-
тын бөлмеде, бассейндер немесе басқа да су
толтырылған сыйымдылықтарға жақын жерде
пайдалануға болмайды.
•
Егер құрал суға құлап кетсе, дереу қуаттандыру
бауының айырын электр розеткасынан суырыңыз,
содан кейін ғана құралды судан алып шығуға
болады. Құралды тексерту немесе жөндету үшін
сервис орталығына жүгініңіз.
•
Құралды аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға
тыйым салынады, мұндай сұйықтықтарды сақтау
орындарында құралды пайдалануға тыйым
салынады.
•
Құралды үй-жайдан тыс жерде пайдалануға
тыйым салынады.
•
Құралды найзағай кезінде пайдалануға кеңес
берілмейді.
•
Құралды соққыдан, құлаудан, дірілден және басқа
да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
•
Құралды қараусыз қалдырмаңыз. Жұмыс уақы-
тындағы үзіліс кезінде үтікті (вертикаль күйінде)
негізіне орнатыңыз.
1
2
3 4
5
6 7
8
9
10
11
13
12