Қазақ |
175
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Сору адаптерін
(13)
жұдырықша жалғастырғышқа
(6)
орнатып, оны сағат тілінің бағытымен тірелгенше бұрап
бекітіңіз.
Осы жүйеге мақұлданған және ұсынылған ылғалды/
құрғақ сорғыштың (қараңыз „Керек-жарақтар/қосалқы
бөлшектер“, Бет 176) сорғыш шлангісін
(15)
аспирациялық келте құбырға
(14)
енгізіңіз.
Пайдалану
Бұрғылау бұрышын өзгерту
u
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
u
Бұғылау станинасында әр реттегеннен кейін
барлық бұрандаларды қайтадан бұрап бекітіңіз.
Бұрғылау бұрышын реттеуге арналған астыңғы
бұранданы
(24)
айыр тәрізді кілтпен кілт ені 17 мм)
босатып, алып тастаңыз.
Жоғарғы бұранданы
(21)
айыр тәрізді кілтпен (кілт ені
17 мм) босатыңыз.
Қыспа гайканы
(27)
айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 24 мм)
босатыңыз. Бұрғылау станинасын қажетті бұрғылау
бұрышына орнатыңыз.
Қыспа гайканы
(27)
айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 24 мм)
қайтадан тартып қойыңыз. Жоғарғы бұранданы
(21)
айыр
тәрізді кілтпен (кілт ені 17 мм) бұрап бекітіңіз.
u
Бұрғылау станинасы тек қыспа гайка (27) және
бұрышты реттеуге арналған бұранда (21) қайтадан
тартылғанда ғана орнатылуы мүмкін.
Бұрғылағаннан кейін бұрғылау бағанын
(20)
кері реттілік
бойынша тік күйге (0° бұрғылау бұрышы) қайтып
орнатыңыз. Ол үшін астыңғы бұранданы
(24)
қайта
орнатып, айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 17 мм) бұрап
бекіту керек.
Қолданысқа енгізу
u
Желі қуатына назар аударыңыз!
Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
u
Жұмысты бастамас бұрын жауапты инженермен,
сәулетшімен немесе құрылыс басқармасымен
жоспарланған саңылаулар жөнінде кеңесіңіз.
Арматураларды тек құрылыс инженерінен рұқсат
алып ажыратыңыз.
u
Бұрғылау кезінде, қабырға немесе еденді тесу
кезінде тиісті бөлмелерде кедергілердің жоқтығын
тексеріп шығыңыз. Құрылыс орнын жауып, кернді
қорама қалып арқылы құлаудан қорғаңыз.
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматының (PRCD)
жұмысын тексеру
Жұмысты әр бастамас бұрын жылыстау тогынан қорғаныс
автоматының (PRCD)
(16)
ақаусыз жұмыс істеуге
қабілетін тексеріп шығыңыз:
– Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD)
TEST
түймесін басыңыз. Қызыл түсті бақылау
индикаторы сөнеді.
–
RESET
түймесін басыңыз. Электр құралы енді қосылуы
керек.
Егер қызыл түсті бақылау индикаторы
TEST
түймесі
басылғанда сөнбесе немесе электр құралын қосу кезінде
қайта-қайта сөніп тұрса, электр құралын өкілетті
Bosch
клиенттерге қызмет көрсету орталығында тексерту керек.
u
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматы (PRCD)
ақаулы болса, электр құралын пайдалануға
болмайды.
Қосу
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD)
(16)
RESET
түймесін басыңыз.
Ылғалды бұрғылау: су жапқыш шүмекті
(10)
өткелге
орнатыңыз.
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты
(1)
басып
тұрыңыз.
Басылған ажыратқышты бұғаттау үшін реттеу түймесін
(2)
тағы басыңыз.
Өшіру
Ажыратқышты
(1)
жіберіңіз. Ажыратқыш бұғатталған
болса, оны алдымен басып, сонан соң жіберіңіз.
Ылғалды бұрғылау: су жапқыш шүмекті
(10)
бұрап
бекітіңіз. Жұмыс соңында шүмекке жалғағыш бөлшекті
(11)
су жеткізу құбырынан ажыратыңыз. Су жапқыш
шүмекті
(10)
ашып, қалған суды ағызыңыз.
Іске қосу тогының шектеулері
Электр құралының электроникасы қозғалтқышты
бірқалыпты іске қосуға мүмкіндік беріп, жоғары іске қосу
тогына жол бермейді.
Қайта іске қосылудан қорғаныс
Қайта іске қосылудан қорғаныс ток берілуі үзілгеннен
кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол
бермейді.
Қайта іске қосу үшін жылыстау тогынан қорғаныс
автоматындағы (PRCD)
(16)
RESET
түймесін басыңыз.
Содан кейін ажыратқышты
(1)
өшірілген күйге келтіріп,
электр құралын қайта қосыңыз.
Айналу жиілігін алдын ала таңдау
Беріліс ауыстырып-қосқышы
(5)
екі айналу жиілігін
алдын ала таңдауға мүмкіндік береді.
Берілістер төмендегі саңылау диаметрлері үшін
ұсынылады:
– 1-беріліс: 80–180 мм
– 2-беріліс: 25–60 мм
Bosch Power Tools
1 609 92A 4NJ | (20.02.2019)
Содержание GCR 180
Страница 3: ... 3 GDB 180 WE 1 2 3 4 7 8 9 6 5 10 11 12 13 14 15 16 Bosch Power Tools 1 609 92A 4NJ 20 02 2019 ...
Страница 5: ... 5 A B C D 3 4 17 18 19 30 31 32 20 23 33 25 34 35 36 Bosch Power Tools 1 609 92A 4NJ 20 02 2019 ...
Страница 280: ...280 آفارسی 1 609 92A 4NJ 20 02 2019 Bosch Power Tools ...