78
| Қaзақша
1 609 92A 43U | (6.9.17)
Bosch Power Tools
Қaзақша
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану
құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы
нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің
корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі бұйым корпусында көрсетілген.
Импорттаушыға қатысты байланыс мәліметі қаптамада
берілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен
бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған)
істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз
(сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен
істен шығу себептерінің тізімі
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді
пайдаланбаңыз
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
– тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса,
пайдаланбаңыз
– жауын –шашын кезінде сыртта (далада)
пайдаланбаңыз
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
– қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз
– қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
– тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
– орамасыз сақтау мүмкін емес
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150
(5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға апаруы
мүмкін.
Осы нұсқаулықты толық орындаңыз.
Бұл шаңсорғыш балалардың,
дене немесе ой қабілеттері
шектелген, тәжірібесі және
білімі аз адамдардың
пайдалануына арналмаған.
Кері
жағдайда дұрыс пайдаланбау және
жарақаттанулар қауіпі пайда
болады.
Балаларға абай болыңыз.
Балалардың шаңсорғышпен
ойнамауына көз жеткізіңіз.
Денсаулыққа зиян келтіретін
заттектерді сормаңыз, мысалы,
шамшат немесе емен шаңын, тас шаңын, асбест.
Бұл
заттектер обырға келтіруі мүмкін.
Мемлекетіңіздегі денсаулыққа зиянды заттектерді
қарау бойынша жарамды ережелер/заңдар туралы
мәлімет алыңыз.
Шаңсорғышты тек барлық
функцияларын толық түсініп,
шектеусіз пайдалануыңыз мүмкін болып тиісті
нұсқауларды алған кезде ғана пайдаланыңыз.
Мұқият
нұсқау қате пайдалану мен жарақаттануларды кемейтеді.
Шаңсорғыш тек құрғақ заттектерді
соруға арналған.
Сұйықтық кірсе тоқ
соғу қауіпін жоғарылатады.
Розетканы тек пайдалану
нұсқаулығында белгіленген
мақсаттарда пайдаланыңыз.
Шаңсорғышты тек ішкі
бөлмелерде пайдаланып
сақтау мүмкін.
Жаңбыр немесе ылғалдық шаңсорғыштың
жоғарғы бөлігіне кірсе тоқ соғу қауіпі жоғарыланады.
Электр құралын ылғалды қоршауда пайдалану
қажет болса, автоматты сақтандырғыш
ажыратқышын пайдаланыңыз.
Автоматты
сақтандырғыш ажыратқышты пайдалану тоқ соғу қаупін
төмендетеді.
Шаңсорғышты тиісті тәртіппен жерге қосылған тоқ
желісіне қосыңыз.
Розетка мен ұзартқышта жұмыс
істейтін қорғайтын сым болуы қажет.
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
OBJ_BUCH-2992-002.book Page 78 Wednesday, September 6, 2017 11:43 AM