Осы жабдық ЕЕС/89/336 ЕМС электромагниттік үйлесімділігі жөніндегі ЕО директивасына сәйкес әзірленген.
2. ОРНАТУ
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Сужылытқыштың техникалық сипаттамалары су жиегі келте құбырларының қасында орналасқан зауыттық тақтайшада көрсетілген.
Ø 353
Ø 450
Көлемі, л
30 40 50 65 80 50 80 100 120 150
15 17 19
21 25 17 22 26 33 41
Сталь
9,5 - 15 17,5 20 13 19 22 26 -
Нержавіюча
сталь
Салмағы, кг
Аристон Термо Групп" компаниясы жасап шығарған электр сужылытқышты сатып алуыңызбен құттықтаймыз. Осы
құрылғы еуропалық сапа стандарттары бойынша әзірленген және мәлімделген техникалық сипаттамаларға жауап
береді. Сужылытқыш қолдануға женіл, жоғары тұтынылу ерекшеліктері бар және пайдалануға төзімді. Оның жұмысына
Сіз риза боласыз деп үміттенеміз.
Сужылытқышты дұрыс орнатылуын және пайдалануын қамтамасыз ету үшін осы нұсқаулықты мұқият оқуынызды
өтінеміз.
ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
1.1. Жеткізілім жинақталымы және тағайындалуы
1.1.1.
Сужылытқыш
1.1.2.
Сақтық клапаны
1.1.3.
Тіреуіш
1.1.4.
Орнату және пайдалану бойынша нұсқаулық
1.1.5.
Кепілдеме талоны
1.1.6.
Зауыттық орама
Бұл құрылғы ғимараттың, тұрмыстық және шаруашылық үй-жайлардың ішіне орнатуға әзірленген және қайнау
нүктесінен төмен суды ысытуға, ыстық сумен бірнеше жерлерді (ванна, ас үй, дәретхана) қамтамасыз етуі
мүмкіншілігімен қоса автоматтық тәртіптемеде тапсырынды температураны ары қарай ұстау үшін арналған.Судың ысу
уақыты сужылытқыштың көлеміне және ысытқыш элементтің қуатына байланысты.
1.2. Негізгі элементтер
1.2.1.
Ішкі бак.
1.2.2.
Сужылытқыш сөніп тұрған кезінде де пенополиуретаннан жасалған жылылықты оқтаулағыш.
1.2.3.
Ысытқыш элемент.
1.2.4.
Қалауынша судың ысу температурасын реттеуге мүмкіндік беретін температураны реттегіш.
1.2.5.
Сужылытқыштың ішіндегі судың ысу температурасын бақылау термостаты.
1.2.6.
Сужылытқышқа судың құйылатын жерінде орналасатын және суды сумен жабдықтау желісіне кері қайтуынан
сақтау қызметін және артық қысымнан ішкі бакті қорғау қызметін атқаратын сақтық клапан.
1.2.7.
Ішкі бакты тотығудан қосымша сақтауды қамтамасыз ететін магнийлі анод.
Назар аударыңыз! Сужылытқышты жинақтау мен бейімдеуді қолданыстағы ережелер мен санитарлық-гигиеналық
қағидаларға және осы нұсқаулықтағы талаптарға сәйкес білікті маман орындауы керек.
2.1. Су жылытқыштың қабырғаға бекіткіші
2.1.1.
Сужылытқышты орнату негізгі қабырғада кронштейн және ілмектер арқылы орындалады. Диаметрі 12 мм кем
емес ілмектерді (жеткізілім жинақталымына кірмейтін) пайдалануға ұсыныс беріледі. Таңдалған модельге байланысты,
Сізге 2 немесе 4 осындай ілмектер қажет болуы мүмкін.
2.1.2.
Дайындалған бекітпелер сумен тотырылған сужылытқыштың үш есе ауыр салмағын көтере алатын болуы керек.
2.1.3.
Жылу жоғалтуды азайту үшін аспапты су бөлетін торапқа барынша жақын жерге орнату керек.
2.1.4.
Техникалық қызмет көрсету үшін, аспаптың астынан 50 см кем емес, ал төбеден 10 см болатын бос кеңістік
қалдыру керек.
2.1.5.
Ілмектерді қабырғаға жинақтауы сужылытқыш кронштейнінің осы ілмектер бойымен өздігінен орын ауыстыру
мүмкіншілігін жою керек. Орнатқаннан кейін берік бекітілгенін міндетті түрде тексеріңіз.
2.1.6.
Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесі бұзылған жағдайда тұтынушының және (немесе) бөтен адамдардың
дүние-мүлкіне зиян келтірмеу үшін, сужылытқышты гидрооқшаулық едендері мен кәріз жүйесінде дренажы бар
ғимараттың ішінде құрастыру керек, және ешбір жағдайда суға ерігіш заттарды сужылытқыштың төменгі жағына қоймау
қажет.
2.1.7.
Сужылытқыш қорғалмаған жерде орналасса, сужылытқыштың астына кәріз жүйесінде дренажы бар қорғаныш
түпқоймасын орнату керек.
ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
1. Осы нұсқаулық су жылытқыштың жеткізілім жинағына кіреді. Құрылғыны
басқа тұтынушыға беретін және/немесе басқа жерге ауыстыратын
жағдайлар үшін нұсқаулықты қолжетімді жерде сақтаңыз.
2. Осы нұсқаулықпен мұқият танысыңыз. Нұсқаулықта су жылытқышты
орнату, пайдалану және қызмет көрсету барысындағы қауіпсіздік
шаралары туралы қажетті ақпарат берілген.
3. Құрылғыны монтаждау тұтынушының есебінен жүзеге асырылады.
4. Құрылғыны тағайындалымынан тыс қолдануға қатаң тыйым салынады.
Өндіруші фирма осы нұсқаулықтың талаптарын орындамаудың
нәтижесінде орын алған ақаулары үшін жауапты емес.
5. Монтаждау және техникалық қызмет көрсету бойынша барлық жұмысты
білікті маман қолданыстағы нормалар мен қағидаларға, сондай-ақ
өндіруші фирманың талаптарына сәйкес орындауы тиіс.
6. Дұрыс орнатылмаған құрылғыны пайдалану жарақаттануға және
мүліктің бүлінуіне әкелуі мүмкін. Өндіруші жабдықты дұрыс орнатпаудың
салдарынан болған ақауларға жауапты емес.
7. Қаптау
материалдарын
(қысқыштар,
полиэтилен
пакеттер,
пенополистирол және т. б.) балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Қаптау материалы денсаулыққа зиян.
8. Физикалық, сезімталдық немесе ақыл-ой қабілеттері төмен тұлғаларға
(балаларды қоса алғанда) немесе олардың өмірлік тәжірибесі мен
білімі болмаған жағдайда, және егер ол өздерінің қауіпсіздігіне жауапты
тұлғаның бақылауында болмаса немесе құрылғыны қолдану жөнінде
нұсқау берілмесе, құрылғыны пайдалануға болмайды.
9. Егер сіз аяқ киімсіз немесе Сіздің қолыңыз және/немесе аяғыңыз су
болса, құрылғыны ұстамаңыз.
10.Жөндеу жұмыстарын білікті маман өндіруші фирма шығарған қосалқы
бөлшектерді қолдана отырып орындауға тиіс. Осы талап сақталмаған
жағдайда өндіруші өзінен барлық кепілді міндеттемелерді алып
тастайды.
11.Ыстық судың температурасы қызып кетуден қорғау функциясын
атқаратын термостатпен реттеледі.
12.Сумен қамту «Гидравликалық қосу» тармағына сәйкес орындалуға тиіс.
31