17
ҚазаҚша
ШАШ ТҮЗЕТКІШ VT-8417
Құрылғы шашты түзетуге және бұйралауға арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Жұмыс пластиналары
2.
Іске қосу индикаторы
3.
Қоректенуді сөндіргіш/температура реттеуіші
4.
Жұмыс пластиналарын бекіткіш
5.
Қолсап
6.
Ілуге арналған ілмек
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Суы бар ыдыстардың қасында бұл құрылғыны
пайдаланбаңыз (қолжуғыш, ванна және т.с.с.).
•
Құрылғыны жуыну бөлмесінде пайдаланған кезде, оны
пайдаланып болғаннан кейін, аспапты желіден сөндіру,
яғни желілік баудың айыртетігін ашалықтан ажырату
керек, себебі судың жақындығы құрылғы сөндіргішпен
сөндірілген жағдайда да қауіп төндіреді;
•
Қосымша қорғаныс үшін жуыну бөлмесіндегі
қоректендіру тізбегіне қорғаныс ажыратылу құрылғысын
(ҚАҚ) 30 мА-ден аспайтын номиналды іске қосылу
тоғымен орнатқан дұрыс; орнатқан кезде маманға
хабарласқан жөн;
•
Түзеткішті тұрақты, түзу, термотөзімді бетке
орналастырыңыз. Жұмыс тілімдері мен сыртқы жұмыс
беттері жылдам балқитын немесе тез тұтанатын
заттармен (пластмасс, полиэтилен, синтетикалық
материалдармен және т.с.с.) жанаспауын қадағалаңыз.
САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
Электр аспабын пайдалану алдында берілген пайдалану
бойынша нұсқаулықты зейін қойып оқып шығыңыз және
оны анықтамалық материал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай тікелей
мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны дұрыс
пайдаланбау оның бұзылуына, пайдаланушыға немесе
оның мүлігіне зиян келтіруіне әкелуі мүмкін.
•
Іске қосу алдында, электр желісінің кернеуі құрылғының
жұмыс кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
•
Ешқашан жұмыс істеп тұрған құрылғыны қараусыз
қалдырмаңыз.
•
Сепкіштер себілетін немесе тез тұтанатын сұйықтықтар
пайдаланылатын жерлерде құрылғыны іске қоспаңыз.
IM VT-8417_70x130.indd 17
15.05.2018 11:52:17