![Vitek VT-8331 Manual Instruction Download Page 16](http://html1.mh-extra.com/html/vitek/vt-8331/vt-8331_manual-instruction_1035893016.webp)
16
ҚАЗАҚША
СУДЫ ТАҢДАУ
Суға арналған сауытты (10) толтыру үшін
құбырдағы суды пайдалануға болады. Егер
құбырдағы су кермек болса, дистильденген
немесе
минералсыздандырылған
суды
пайдалаңыз, бұл үтіктің қызмет ету мерзімін
ұзартады.
Ескерту:
–
Суға арналған сауытқа (10) хош
иістендіргіш сұйықтықтарды, сірке суын,
крахмал ерітіндісін, қақты жоюға арналған
реагенттерді, химиялық заттарды және
т.с.с. құюға тыйым салынады.
СУҒА АРНАЛҒАН САУЫТТЫ ТОЛТЫРУ
Суды үтікке құю алдында, оның желіден
ажыратылғанын тексеріңіз.
•
Температура реттегішін (11) «OFF» күйіне,
ал тұрақты бу беру реттегішін (3) 0 күйіне
белгілеңіз.
•
Су құю саңылауының қақпағын (2) ашыңыз.
•
Су құятын тесіктің қақпағын (2) ашыңыз және
өлшейтін стаканшаны (14) пайдаланып, суға
арналған сауытқа (10) су құйыңыз, содан
кейін қақпақты (2) тығыз жабыңыз.
Ескертпелер:
–
Суды
«MAX» (12) белгісінен асырып
құймаңыз.
–
Егер үтіктеу кезінде суды үстемелеу керек
болса, онда үтікті сөндіріңіз де, желілік бау
ашасын электр розеткасынан суырыңыз.
–
Үтіктеп болғаннан кейін үтікті сөндіріңіз,
оның толық салқындауын күтіңіз, содан
кейін су құятын саңылаудың қақпағын (2)
ашыңыз, үтікті төңкеріңіз және қалған
суды төгіңіз.
ҮТІКТЕУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ
Қолдану алдында, үтіктің табаны (13) және суға
арналған сауыт (10) таза екеніне көз жеткізу
үшін қызған үтікті матаның кішкентай бөлігінде
тексеріңіз.
•
Заттарды үтіктеу алдында әрбір кезде
үтіктеудің
ұсынылған
температурасы
көрсетілген бұйым заттаңбасына көңіл
аударыңыз.
•
Егер бұйым заттаңбасында
таңбасы
болса, онда берілген бұйымды үтіктеу
ұсынылмайды.
•
Егер үтіктеу бойынша нұсқаулары бар
заттаңба жоқ болса, бірақ сіз материалдың
түрін ажырата алсаңыз, онда температураны
таңдау үшін кестені пайдаланыңыз.
Үтіктеу температурасын таңдау кестесі
Белгілеулер Мата түрі (температура)
үтіктемеу керек
•
синтетика, нейлон, акрил,
полиэстер (төмен температура)
••
жібек/жүн (орташа температура)
•••
мақта (жоғары температура)
MAX
зығыр (жоғары температура)
•
Бұл кесте тек тегіс материалдарға арнал-
ған. Егер материал басқа түрлі (гофрлен-
ген, кедір-бұдырлы және т.б.) болса,
онда оны төменгі температурада үтіктеген
жөн.
•
Алдымен киімдерді үтіктеу температурасы
бойынша сұрыптап алыңыз: синтетиканы –
синтетикаға, жүнді – жүнге, мақтаны –
мақтаға және т.с.с.
•
Үтіктің қызуы, оның салқындауына қарағанда
жылдамырақ. Сондықтан алдымен, төмен
температурадағы киімдерді үтіктеп алған
жөн (мысалы, синтетикалық маталар).
Содан кейін анағұрлым жоғары температура
кезіндегі үтіктеуге көшіңіз (жібек, жүн). Мақта
мен зығыр бұйымдарын соңғы кезекте
үтіктеңіз.
•
Егер матаның құрамына аралас талшықтар
енсе, онда ең төмен температураны
белгілеу қажет (мысалы, егер бұйым 60%
полиэстерден және 40% мақтадан құралса,
онда оны полиэстерге сәйкес температурада
үтіктеу қажет «
•
»).
•
Егер сіз матаның құрамын анықтай
алмасаңыз, онда киімнің киген кезде көзге
түсе қоймайтын жерін тауып алыңыз да,
тәжірибелік жолмен үтіктеу температруасын
таңдаңыз (үнемі ең төменгі температурадан
бастаңыз да, қалаған нәтижеге қол
жеткізгенге дейін оны көбейте беріңіз).
•
Вельветті және басқа да түгі тез түсетін
маталарды қатаң түрде бір бағытта ғана
(түктің бағытына қарай) сәл батыңқырап
үтіктеу керек.
•
Синтетикалық және жібек маталарда түгі
түскен дақтардың пайда болуына жол бермеу
үшін оларды астары жағынан үтіктеген жөн.
ҮТІКТЕУ ТЕМПЕРАТУРАСЫН БЕЛГІЛЕУ
•
Үтікті негізіне (9) қойыңыз.
•
Желілік баусымның ашасын электрлік
ашалыққа салыңыз.
Summary of Contents for VT-8331
Page 1: ...VT 8337 Iron 3 8 14 20 26 32 VT 8331...
Page 2: ...2400 W...
Page 8: ...8 VT 8331 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 30...
Page 9: ...9 www vitek ru 13 10 3 3 0 4 5 11...
Page 10: ...10 OFF MAX 12 10 10 11 OFF 3 0 2 14 10 2 MAX 12 2 13 10 60 40 9...
Page 14: ...14 VT 8331 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 30...
Page 15: ...15 www vitek ru 13 10 3 3 0 4 5 11 OFF MAX 12...
Page 16: ...16 10 10 11 OFF 3 0 2 2 14 10 2 MAX 12 2 13 10 MAX 60 40 9...
Page 19: ...19 info vitek ru 3 i i i i i i i i i i i i...
Page 20: ...20 VT 8331 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 30 i...
Page 21: ...21 www vitek ru 13 10 3 3 0 4 5 11 OFF MAX 12 10...
Page 22: ...22 10 11 OFF 3 0 2 2 14 10 2 MAX 12 2 13 10 60 40 9...
Page 25: ...25 3 info vitek ru 2014 30 2014 35...
Page 26: ...26 VT 8331 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 30...
Page 27: ...27 www vitek ru 13 10 3 3 0 4 5 11 OFF MAX 12...
Page 28: ...28 10 10 11 OFF 3 0 2 2 14 10 2 MAX 12 2 13 10 60 40...
Page 31: ...31 info vitek ru 3...