19
ҚазаҚша
– Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз, бүлінулер болған
жағдайда құрылғыны пайдаланбаңыз.
– Құрылғыны іске қосу алдында, құрылғының жұмыс
істеу кернеуі электр желісіндегі кернеуге сәйкес
болуына көз жеткізіңіз.
– Құрал жиілігі 50 Гц немесе 60 Гц айналмалы ток
желісінде жұмыс істеуге арналған, құралдың талап
етілген номиналдық жиілікте жұмыс істеуі үшін
ешқандай баптау талап етілмейді.
ҚОЛДАНУ
Оптималды нәтижелерге жету үшін шашыңызды
сабынсумен жуыңыз, оларды құрғақ сүлгімен сүртіңіз,
фенмен құрғатыңыз және тараңыз. Одан кейін шашты
ретке келтіруге кірісіңіз.
– Шаштарды ені 4-5 см тарамдарға бөліңіз.
– Құрылғыны тұғырға (3) түзу термотөзімді бетке
орнатыңыз.
– Желілік баусымның айыртетігін электрлік ашалыққа
салыңыз.
– Құрылғыны іске қосыңыз, бұл үшін қоректендіру
сөндіргішін (6) «ON» күйіне белгілеңіз, осы кезде
жарықтық көрсеткіш (5) жанады.
– Жұмыс бетінің (2) қызуы үшін қажетті біршама уақыт
күтіңіз.
– Бос қолыңызбен шаш тарамын алыңыз.
– Қысу тұтқасын (4) басыңыз, шаш тарамының ұшын
жұмыс бетіне (2) салыңыз және қысу тұтқасын (4)
жіберіңіз. Ұштамадан (1) және қолсаптан (7) ұстап,
шаш тарамын жұмыс бетін (2) айналдыра ораңыз.
– Біршама уақыт күтіңіз, содан кейін қысу сабына (4)
басыңыз және тарамды босатыңыз.
– Берілген рәсімді қалған шаш тарамдарына қайталаңыз.
Ескерту
:
– алғашқы пайдалану кезінде қыздырғыш элементтен
бɵтен иістер пайда болуы мүмкін, бұл қалыпты
құбылыс.
– құрылғы жұмыс істеген кезде жұмыс бетіне (2)
қолыңызды тигізбеңіз, құрылғыны бі қолыңызбен
ұштамасынан (1), ал екінші қолыңызбен
қолсаптан (7) ұстаңыз.
– жұмыс уақытындағы үзілістерде құрылғыны тұғырға
(3) түзу термотɵзімді бетке орнатыңыз.
– шашты бұйраланғаннан кейін бірден тарамаңыз,
шашқа салқындауға уақыт беріңіз, шаш үлгісі
үйлесімді кɵрінуі үшін ірі шаш тарамдарын
анағұрлым ұсақтарына ұқыпты бɵліңіз.
IM VT-8293_70x130.indd 19
08.02.2019 17:01:22