14
ҚазаҚша
ЭЛЕКТРЛІК ҰСТАРА VT- 8268 B
СИПАТТАМАСЫ
1.
Қыратын блок
2.
Қырынатын блоктың батырма-бекіткіші
3.
Корпусы
4.
Бөгеттеу батырмасы бар қоректендіру сөндіргіші
5.
Қуаттандыру көрсеткіші
6.
Желілік сым жалғау ұяшығы
7.
Триммер бекіткіші
8.
Желілік бау
9.
Қорғаныш қалпақшасы
10.
Тазалауға арналған қылшақ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны қолданудың алдында осы пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз және оны анықтағыш
материал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Құралды тек қана аталған нұсқаулықта жазылғандай,
тікелей тағайындау бойынша қолданыңыз. Аспапты дұрыс
пайдаланбау оның сынуына, пайдаланушыға немесе оның
мүлкіне зиян келтіруіне әкелуі мүмкін.
•
Аккумуляторлық батареяны алғашқы қуаттандырғанда,
электр желісіндегі кернеу құрылғы корпусында
көрсетілген кернеуге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
•
Электрлік ұстараны мақсаты бойынша ғана
пайдаланыңыз.
•
Қосылып тұрған құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз.
•
Ұстараны жұмыс кезіндегі үзілістерде, сондай-ақ оны
пайдаланбайтын кезде сөндіріп отырыңыз.
•
Құрылғыны қуаттандыруды ылғалдылығы жоғары
жерлерде және жоғары температура жағдайында жүзеге
асырмаңыз.
•
Аккумуляторды қуаттандыруды 0°C–ден +35°C-ге дейінгі
температурада және 80% аспайтын салыстырмалы
ылғалдылықта жүргізіңіз.
•
Электрлік ұстараны зарядтау үшін жеткізілім жинағына
енетін желілік бауды ғана пайдаланыңыз. Желілік баудың
оқшаулануы немесе айыртетігі бүлінген болса, оны
пайдаланбаңыз.
•
Желілік бейімдеуіш бауын ыстық беттердің және ашық
оттың қасында орналастыруға болмайды.
•
Электрлік ұстараны, желілік бауды және желілік
баудың айыртетігін суға немесе басқа сұйықтықтарға
салмаңыз.
IM VT-8268_70x130.indd 14
13.12.2017 18:07:36