12
ҚазаҚша
ИІРМЕКТІ ШЫРЫНСЫҚҚЫШ VT-3661 W
ИІРМЕКТІ ШЫРЫНСЫҚҚЫШ ДЕГЕН НЕ?
Иірмекті шырынсыққыштарда шырынды иірмектің
төменгі айналу жылдамдығымен – минутына 100
айналым сығу технологиясы пайдаланылады,
бұл кезде тұтынатын қуаттылығы 200 Вт
шамасын құрайды. Мұндай шырынсыққыштарды
«баяу шырынсыққыштар» деп атайды, бірақ
мұндай атауға алданып қалмаңыз, иірмекті
шырынсыққыш
шырынды
жылдамырақ
сығады және шығаратын шырыны әдеттегі
шырынсыққыштарға қарағанда әлде қайда
мол. Шиыршық тәрізді иірмек өнімді ұсақтайды,
содан кейін ұсақталған жұмсақты сүзгі арқылы
өткізіп, одан шырынды сығып алады, мұндай
технология түрлі-түсті жемістер мен көкөністер
құрамында болатын сығылған шырындағы мол
фитонутриенттерді*
*
сақтап қалуға мүмкіндік
береді. Дәл осы иірмектің ақырын айналдыру
жылдамдығы (100 айн/мин) және өнімдердің
төменгі температурасы ұсақтау барысында
ферменттердің ішкіжасушалы құрылымыны,
алынған шырындағы микроэлементтердің және
витаминдердің сақталуына кепілдік береді.
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1.
Итеруші
2.
Өнімдерге арналған астауша
3.
Жүктеуіш қылта
4.
Қақпақ
5.
Шнек
6.
Торлы сүзгі
7.
Сепаратор
8.
Жұмыс тостағаны
9.
Шырынды құюға арналған шүмек
10.
Шырынды құюға арналған шүмек қақпағы
11.
Силикон тығыздатқышы
12.
Мотор блогі
13.
Жұмыс тәртіптемелерінің ауыстырып-
қосқышы «ON-0-R»
14.
Шырынға арналған сыйымдылық
15.
Сығындыларға арналған сыйымдылық
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Шырынсыққышты пайдалану алдында, осы
пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз
да, оны анықтамалық материал ретінде
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
*
«Фитонутриенттер» термині гректің «фито» («өсімдік») және
«нутриент» («ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне қажетті қоректің
компоненті») деген сөздерінен шыққан. Фитонутриенттер
фитохимикаттар, яғни өсімдік өнімдерінің табиғи биологиялық
белсенді құрамдас бөліктері ретінде де белгілі.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
Құрылғыны дұрыс пайдаланбау оның
бұзылуына және пайдаланушыға немесе оның
мүлкіне зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін.
•
Шырынсыққыштың максималды үздіксіз
жұмыс істеу уақыты 30 минуттан аспауы
керек, содан кейін 30 минут үзіліс жасау
керек.
•
Алғашқы іске қосу алдында, электр
желісіндегі кернеудің құрылғының жұмыс
кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріп
алыңыз.
•
Шырынсыққышты тек құрғақ тегіс және
орнықты бетте пайдаланыңыз.
•
Шырынсыққышты алғашқы пайдалану
алдында өңделетін өнімдерімен жанасатын
барлық алынбалы бөлшектерді мұқият жуып
алыңыз.
•
Шырынсыққышты әрбір пайдалану алдында
сүзгі-торды тексеріп алыңыз.
•
Тек жеткізу жинағына кіретін алынбалы
бөлшектерді ғана пайдаланыңыз.
•
Құрылғыны панажайлардан тыс жерде
пайдалануға тыйым салынады.
•
Құрылғы мен желілік баусымды ыстық
беттерге, жылу көздеріне және жиһаздың
өткір жиектеріне жақын орналастырмаңыз.
•
Құрылғыны пайдалануды бастау алдында,
барлық бөлшектер дұрыс орнатылғанын
тексеріп алыңыз.
•
Шырынсыққыш қақпағы дұрыс орнатылған
жағдайда
ғана
шырынсыққышты
пайдалануға болады.
•
Жұмыс істеп тұрған кезде өнімдерді жүктеу
аузына саусақтарыңызбен немесе басқа
заттармен итеруге тыйым салынады. Бұл
мақсатта тек итергішті пайдаланыңыз.
•
Шырынсыққыш өнімдерді ұсақтауға немесе
араластыруға арналмаған.
•
Желілік баусым ашасы электр ашалығына
қосулы болған кезде шырынсыққышты
бөлшектеуге тыйым салынады.
•
Желілік баусымды, желілік баусым ашасын
және моторлық блокты су қолмен ұстамаңыз.
•
Шырынсыққыштың корпусында судың
немесе шырынның тамшылары пайда
болса, құрылғыны өшіріп, электр желісінен
ажыратыңыз және корпусты құрғақ матамен
сүртіңіз.
•
Жұмыс аяқталғаннан кейін құрылғыны
сөндіріңіз де, желілік баусым ашасын электр
ашалығынан суырып тастаңыз.
IM VT-3661.indd 12
29.01.2018 15:17:34
Summary of Contents for VT-3661 W
Page 1: ...1 VT 3661 W Slow juicer 3 7 12 17 22 27 IM VT 3661 indd 1 29 01 2018 15 17 33...
Page 2: ...IM VT 3661 indd 2 29 01 2018 15 17 33...
Page 10: ...10 4 5 3 15 14 10 1 3 2 8 4 4 8 12 8 5 8 6 7 7 6 6 11 5 IM VT 3661 indd 10 29 01 2018 15 17 34...
Page 16: ...16 1 1 1 220 240 50 0 6 200 3 i i i i i i i i i i i i IM VT 3661 indd 16 29 01 2018 15 17 34...
Page 21: ...21 1 1 1 220 240 50 0 6 A 200 3 2014 30 2014 35 IM VT 3661 indd 21 29 01 2018 15 17 35...
Page 26: ...26 1 1 1 220 240 50 0 6 200 3 IM VT 3661 indd 26 29 01 2018 15 17 35...