16
ҚАЗАҚША
–
Тағамдарды тамаққа тұтыну алдында,
олардың толық әзірленгеніне көз жеткізіңіз.
–
Өнімдерді әзірлеп болған соң бірден
шығарыңыз, іске қосулы құрылғыда
өнімдердің ұзақ уақыт қалуы олардың
тұтануына әкелуі мүмкін.
–
Әзірленген тағамдарды үшкір металл заттарды
пайдаланып шығаруға тыйым салынады, олар
жұмыс беттерінің күюге қарсы қабаттарын
бүлдіре алады. Әрқашан күюге қарсы қабаты
бар ыдыстарға арналған пластик немесе ағаш
жабдықтарды қолданыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМІ
–
Құрылғыны әр пайдаланған сайын тазалауды
жүргізіңіз.
–
Жұмыс істеуді аяқтағаннан кейін, желілік
баудың айыртетігін ашалықтан суырыңыз.
–
Құрылғыны ашыңыз және оған бөлме
температурасына дейін салқындауға уақыт
беріңіз.
–
Орнатылған жұмыс беттерін бір уақытта
бекіткіштерге (6) басып шешіңіз.
–
Жұмыс беттерін тазалаңыз және оларды
бейтарап жуғыш затының ерітіндісімен
жуыңыз, шайыңыз және құрғатып сүртіңіз.
–
Корпусын (3) жұмсақ сәл дымқыл маатмен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
–
Жұмыс беттерін (7, 8, 9, 10), корпусын (3)
тазалау үшін қажайтын жуғыш заттарды,
еріткіштерді немесе металл ысқыштарды
пайдалануға тыйым салынады, себебі
олар күюге қарсы қабатты немесе гриль
корпусының сыртқы бетін бүлдіре алады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр тоғы
соққысына жол бермеу үшін құрылғыны суға
немесе кез-келген басқа сұйықтықтарға
матырмаңыз.
САҚТАЛУЫ
Грильді сақтауға салып қойғанға дейін, жұмыс
беттерін (7, 8, 9 немесе 10) және құрылғы
корпусын (3) тазалауды орындаңыз.
Аспапты құрғақ салқын, балалардың және
мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Бірнеше дайындау әдісі
Ірімшік және бұжығы қосылған сэндвич
Сэндвичтерге арналған жұмыс беттерін (7)
орнатыңыз.
•
Өсімдік майы жағылған 2 тілім қарабидай
немесе бидай наны,
•
1 тілім ірімшік,
•
1 тілім бұжығы.
Төменгі жұмыс бетіне нан тілімін (жағылған
жағымен төмен қаратып) салыңыз, нанға
ірімшік және бұжығы тілімін салыңыз, екінші
нан тілімімен (жағылған жағын жоғары
қаратып) жабыңыз, абайлап тұтқаларды (2)
бірге қысыңыз, тұтқаларды (2) бекіткішпен (1)
бекітіңіз.
Таңғы асқа жылдам сэндвич
•
2 тілім бидай немесе қарабидай наны,
•
қызанақтың жартысы (тілімдерге тураңыз),
•
1 тілім бекон.
Төменгі жұмыс бетіне нан тілімін салыңыз, нанға
қызанақ тілімін, бекон тілімін салыңыз, екінші
нан тілімімен жабыңыз, абайлап тұтқаларды (2)
бірге қысыңыз, тұтқаларды (2) бекіткішпен (1)
бекітіңіз.
Дәстүрлі вафли
Вафли пісіруге арналған жұмыс беттерін (9)
орнатыңыз.
Құрамдас бөліктері:
•
4 жұмыртқа
•
1/2 л сүт
•
500 г ұн
•
150 г сары май немесе маргарин
•
4 а.қ. қант
•
2 ш.қ. қамырға арналған қопсытқыш.
–
Aқуыздарды сарыуыздардан бөліңіз және
ақуыздарды бұлғаңыз.
–
Cары майды немесе амргаринді ертіңіз және
сәл салқындатыңыз.
–
Себілген ұнға қант, қамырға арналған
қопсытқыш, еріген сары май немесе маргарин
қосыңыз және араластырыңыз.
–
Қамырға алдымен бұлғанған ақуыздарды
және араластыруды жалғастырып, содан
кейін сарыуыздарды енгізіңіз.
–
Вафлиді қыздырылған жұмыс беттерінде
3 минутқа таяу пісіріңіз, мезгілімен пісіру
процесін қадағап отырыңыз.
«Жаңғақ» пирожныйы
«Жаңғақ» (10) пирожныйын пісіру үшін жұмыс
беттерін орнатыңыз. Шұңғылдығы бар жұмыс
пластинасын құрылғының төменгі жартысына
орнатыңыз.
Қамыр
•
ұн 3 стақан
•
сіркесу 1 ас қасық
•
ас содасы 1 шай қасық
•
қант 0,5 стақан
•
сары май 200 гр.
•
жұмыртқа 3 дн.
Summary of Contents for VT-2628
Page 1: ...1 VT 2628 Waffle maker Вафельница 3 7 13 18 23 28 ...
Page 2: ......