19
ҚазаҚша
Конус тәрізді қырқу
Қажетті саптама-тарақты орнатыңыз және
қырқуды бастың желке тұсынан төбеге қарай
бағытта бастаңыз. Бастың алдыңғы бөлігіндегі
шашты төбеге қарай бағытта және самай
шаштарды олардың өсуіне қарсы бағытта
қырқыңых (сур. 8). Төбені жайпақ етіп қырқу
үшін тарақты (14) пайдаланыңыз: шаш
бұрымдарын көтеріңкіреп, тарақтың бойымен
қырқыңыз. Шашты тегіс емес бұрымдарды
анықтау үшін тарақпен (14) тараңыз.
Филировка қызметі
Филировка – жекелеген бұрымдарды қырқып
шығу. Ол әртүрлі ұзындықтағы бұрымдар
арасындағы біркелкілікке қол жеткізуге
мүмкіндік береді. Филировканы қырқудың
соңғы кезеңінде орындайды.
–
Филировкалайтын тарақты шығару үшін
бекіткішті (4) түбіне дейін жылжытыңыз,
оны қайта кіргізу үшін бекіткішті (4) оң жаққа
түбіне дейін жылжытыңыз.
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ
–
Машинаны пайдаланып болған соң
ажыратыңыз.
–
Корпусты және тұғырды жұмсақ, сәл ылғал
матамен сүртіңіз, одан кейін құрғатып
сүртіңіз.
–
Машинаны, пышақтар блогын, желілік
адаптерді суға және кез келген басқа да
сұйықтықтарға батыруға болмайды.
–
Саптаманы корпустан шешіп алыңыз.
Қылшақпен (13) саптаманың сыртқы және
ішкі бетінен қырқылған шаш қалдықтарын
алып тастаңыз.
–
Саптамаларды ағын судың астында жуып,
одан кейін құрғатып сүртіңіз.
–
Пышақтар блогын (5), жүздер жағындағы
жоғарғы бөлікті басып шешіп алыңыз.
Қылшақпен (13) пышақтар блогын (5)
және пышақтар блогының (5) ішкі бетін
тазалаңыз. Пышақтар блогын (5) орнына
орнатыңыз, ол үшін блок бекіткішін
корпустағы ойыққа салып, блоктың жоғарғы
жағынан басыңыз. бекіткіштердің шертілген
дыбысы пышақтар блогының (5) дұрыс
орнатылғанын білдіреді.
–
Қырқуға арналған жинақты тазалау үшін
еріткіштерді немесе қажайтын тазалағыш
заттарды пайдалануға тыйым салынады.
–
Әр пайдаланғаннан кейін жүздерді маймен
(12) майлап отырыңыз.
САҚТАУ
–
Құрылғыны сақтауға алып қоймас бұрын,
оны тазалап алыңыз және жүздерді маймен
(12) майлаңыз.
–
Құрылғыны құрғақ, салқын, балалардың
қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.
КОМПЛЕКТ ПОСТАВКИ
1.
Қыратын блогы бар қырқуға арналған
машина – 1 дн.
2.
Саптама-тарақ – 2 дн.
3.
Желілік адаптер – 1 дн.
4.
Тұғыр – 1 дана
5.
Май – 1 дн.
6.
Қылшақ – 1 дн.
7.
Тарақ – 1 дн.
8.
Қайшы – 1 дн.
9.
Нұсқаулық – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАРЫ
Желілік адаптердің кіріс қуат кернеуі: АС 100-
240В ~ 50/60Гц
Шығатын кернеу: DC 3 В, 600 mА
Максималды қажет ететін қуаты: 6 Вт
Өндіруші приборлардың сипаттарын алдын
ала ескертусіз өзгерту құқығына ие болып
қалады.
Прибордың қызмет ету мерзімі – 3 жыл.
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан
бөлшектер дилерден тек сатып алынған
адамға ғана берiледi. Осы гарантиялық
мiндеттiлiгiндегi шағымдалған жағдайда
төлеген чек немесе квитанциясын көрсетуi
қажет.
VT-2542.indd 19
12.09.2013 17:09:34